21/10/2015
Денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар жастар дәмханада жұмыс істейтін болады
24/06/2015
Ашық қоғамға қарай: Сорос-Қазақстан қорының қызметіне 20 жыл
02/11/2015

Қазақстанда паллиативтік көмекке 98 мыңға жуық адам мұқтаж

Қазақстанда паллиативтік көмекке 98 мыңға жуық адам мұқтаж

2015 жылдың 22 қазанында Астана қаласында(Дінмұхамед Қонаев көш., 7, Rixos President Astana Hotel) “Паллиативтік көмек: өмірдің жаңа сапасы” атты халықаралық конференция (“Шаңырақ” залы) және «Қолжетімді опиоидтар: әркімнің құқы» тақырыбында дөңгелек үстел (“Орда” залы) өтеді.

Бүгінгі күні паллиативтік көмекке түрлі патологиямен ауыратын 98 мыңға жуық қазақстандық пациенттер мұқтаж. Олардың  ішінде алдыңғы кезекте қатерлі ісікке шалдыққан жандар тұр.

Қазақстанда паллиативтік көмек енді ғана тұрғындарға медико-әлеуметтік көмек көрсетутің маңызды бөлігіне айналып келеді. Елімізде паллиативтік көмекті дамыту 2009 жылы ҚР «Қазақстан Республикасы халықтарының денсаулығы туралы» кодексін қабылдаудан бастау алса да , паллиативтік көмек әлі де болса барлық инкурабельді (жазылмайтын) пациенттер үшін қолжетімді болмай тұр.

2013 жылы паллиативтік көмек көрсетудің ұлттық стандарттарын қабылдау – осы саладағы маңызды жетістіктердің бірі болды. Дегенмен, осы стандарттарды жүзеге асыру үшін көптеген кедергілер бар:

  • ауруды емдеу мен заманауи жансыздандыру әдістерінің тиімді препараттарына мүмкіндіктің аздығы;
  • хоспистар санының аздығы, ауруға қарсы кабинеттер мен күндізгі стационарлардың қызметіне қол жетімсіздік, сонымен қатар үйдегі паллиативтік көмектің аздығы;
  • «паллиативтік көмек» мамандығының немесе ҚР мамандықтарының ұлттық классификаторында «паллиативтік медицина» ұғымының болмауы;
  • дәрігер-кадрларды, медбикелерді, психолог және әлеуметтік қызметкерлерді, еріктілерді (волонтерлерді) дайындаудың дамымаған жүйесі;
  • аудандық онколог, жалпы тәжірибиелік дәрігер, учаскелік медбикелер арасында паллиативтік көмек көрсетудің тәжірибелік дағдысының төменгі деңгейі және т.б.

“Паллиативтік көмек: өмірдің жаңа сапасы” халықаралық конференция аясында:  паллиативтік көмекті дамытудың әлемдік тенденциялары, Қазақстан Республикасында паллиативтік көмек көрсетудің стандарттары, паллиативтік қызметті дамытудың экономикалық және клиникалық аспектілері, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан табысты жобалар, білім және кәсіби дайындықтың рөлі, тиімді ауруға қарсы терапия, терминалды ауруларды симптомдық емдеу, паллиативтік көмектің психологиялық аспектісі тақырыптары талқыланады.

«Қолжетімді опиоидтар: әркімнің құқы» дөңгелек үстел аясында опиоидты анальгетиктер қажеттілігіне есеп, тиімді опиоидты анальгетиктер алуға кедергілерді анықтау; ұлттық тізімде ауруға қарсы препараттардың алуан түрлерін кеңейту қажеттігі және опиоидтердің таблетка түрін ендіру; опиоидты анальгетиктер қажеттілігіне есепті қайта қарау; опиоидты анальгетиктер бойынша нормативті актілерге қажетті түзету сынды тақырыптарды талқылау көзделіп отыр.

Конференцияға қатысу үшін АҚШ, Еуропа және ТМД елдерінен танымал сарапшылар шақырылды.

Ұйымдастырушылар: ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, “Сорос–Казахстан” қорының және Қатерлі ісіктің ұлттық институтының (АҚШ) қолдауымен Паллиативтік көмектің қазақстандық ассоциациясы (ПКҚА),”Қатерлі ісікпен күресейік” қоғамдық қоры, Алматы онкология орталығы (АОО), Астана қаласының онкологиялық диспансері.

Өткізілетін күні және орны:

22 қазан 2015 жыл,

Rixos President Astana Hotel (ДінмұхамедҚонаевкөш., 7)

Паллиативтіккөмекөмірдіңжаңасапасы” халықаралықконференцияныңбасталуысағат 09:00 (“Шаңырақ” залы).

«Қолжетімдіопиоидтарәркімніңқұқы» дөңгелекүстелдіңбасталуысағат 15.00(“Орда” залы).

Қосымша ақпарат және БАҚ үшін аккредитация: 8 701 705 78 76 (+WhatsApp) Айна.

Skype: Aynash_jak

E-mail: Onco-press@mail.ru

Толық ақпарат http://oncology.kz/