20/09/2018
Стив Райс, журналист: «Видео – журналистиканың ең қиын жанры»
19/09/2018
Алматылықтардың бастамалары қаланы қалай өзгертуде?
25/09/2018

ҚР ҚДМ Қазақстанда Ашық Үкімет бастамасын жүзеге асыруда дәнекер болуға дайын

Астанада Сорос-Қазақстан қорының Қазақстан ұлттық альянсымен серіктестікте ұйымдастырған елімізде Ашық Үкімет бастамасын (OGP) жүзеге асыруға бағытталған кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев, «Қазақстан азаматтық альянсы» ұйымының президенті Асылбек Қожахметов, Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы Антон Артемьев және халықаралық және жергілікті үкіметтік емес ұйымдарының сарапшылары мен өкілдері қатысты.

«Үкімет «Ашық үкімет» ұғымына сай келетін бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастағалы қашан. Десек те, әлі талай жұмыс бар. Ең бастысы, жан-жақты әрекеттестік барлық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, тәуелсіз ҮЕҰ-ның осы процеске барынша атсалысуын қамтамасыз ету қажет», – деді Сорос-Қазақстан қоры басқармасының төрағасы Антон Артемьев.

Өз кезегінде, Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев аталмыш бастама туралы өз ойын келесідей түйіндеді: «Жаңа ғана бойлай бастаған тақырып туралы түйінді ой айту қиын. Қазіргі кезеңде бәрін мұқият тыңдау керек. Біз аталмыш бастамаға қатысуға дайынбыз. Қатысып қана қоймай, бұл бастаманы басқа мемлекеттік органдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Үкіметінің координациялық орталық қызметін қолға алу жоспарымыз бар».

Ал шараға қатысқан ҮЕҰ өкілдері «бүгінгі таңда Қазақстан аталмыш бастамаға ену үшін барлық талаптарға жауап береді» деп отыр.

OGP – мемлекеттік басқару жүйесін жақсартуға бағытталған қоғамдық бастама. Бүгінде «Ашық үкімет» бастамасына әлемнің 70 елі қосылған. Бастама туралы толық ақпаратты келесі сілтемеден таба аласыздар https://www.opengovpartnership.org/