Атырау, 2014 ж. 15 қазан – Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен, «Аялы Орта» ҚҰ, «Аймақтық тұрақты даму мен пост-валидация кезеңіндегі ӨӨАБ мәселелеріне қоғамды қызықтыру үшін Каспи аралық аймақтарда құқықтық әлеуметтік және экологиялық сұрақтарды шешу бойынша ұсыныстар» тақырыбындағы конференция өткізуде.
Өндіруші өнеркәсіптер қызметінің ашықтық бастамасы (ӨӨАБ /EITI) – бұл кен қазушы өнеркәсібінен алынатын табыстың ашықтығын қамтамасыз ететін халықаралық дәрежеде туындаған жаһанды бастама. Бұл бастаманы жүзеге асыру, кен қазушы өнеркәсіп компаниялардың мемлекеттік бюджетке төлем жасауы жайында, сонымен қатар, табиғи ресурстарға бай мемлекет үкіметтерінің алған табыстары жайында, ақпаратты көпшілік назарына ұсынуды көздейді. Қазақстан Республикасы ӨӨАБ-қа 2005 жылы қосылды. 2013 жылы күзде, Қазақстан, кен қазушы өнеркәсібінің ашықтық бастамасының барлық талаптарына сай деген мәртебеге ие болды (ӨӨАБ/EITI).
Осы уақытқа дейін ӨӨАБ-та айтарлықтай өзгерістер орын алды, олар халықаралық деңгейге де, Қазақстандық деңгейде де іске асырылды: Revenue Watch Institute (Natural Resources Governance Institute), Global Witness, Cordaid халықаралық ұйымдарының бастауымен ӨӨАБ жаңа стандарты қабылданды; Еуропарламент Еуропа одағының Ашықтық және Есептік нұсқауын (директиваларын) қабылдады, және осы құжатқа сәйкес, кен қазушы өнеркәсіп компанияларды, мемлекеттер мен жобалар бойынша жүргізген төлемдері жайында толық ақпаратты жариялауды міндеттеді; ӨӨАБ-тың қазақстандық қатысушыларының өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылды және т.б. Дегенмен, өкінішке орай, БҰҰ міндетті және жаһанды ұсынысы – әлеуметтік, құқықтық және экологиялық салаларындағы мерзімі жеткен мәселелерді оңтайлы шешу арқылы халықты ғаламдық бастамаға қызықтыру, жүзеге асырылып жатқан жоқ.
«Қазақстанның кен қазушы өңірлерінің көптеген өзекше мәселелері әлі еүнге дейін шешімін тапқан жоқ.Көп жағдайларда жергілікті ҮЕҰ және қоғам өкілдерінің пікірлері ескерусіз қалады; олар ӨӨАБ жүзеге асыруына байланысты өткізілетін шараларға көбіне шақырылмай жатады. Дегенмен, кен қазушы өңір тұрғындарының белсенді қатысуысыз ӨӨАБ Қазақстан Республикасында да, басқа мемлекеттерде де толықтай жүзеге асыру мүмкін емес», – дедібағдарлама үйлестірушісі, «Каспий Табиғаты» ҚҚ өкілі Махамбет Хакимов.
«Сорос-Қазақстан қорыӨӨАБ жобаларын 2004 жылдан бастап қолдау көрсетуде. Біз үшін бұл бастаманың табыстылығы Қазақстанда жарияланатын есептермен ғана емес, сонымен қатар, кен қазушы өнеркәсібінің табыстары аймақтың және тұтастай мемлекеттің дамуына қаншалықты жәрдемдесе алатындығы туралы талқылауға барлық қызығушылық танытқан азаматтардың тартумен есептелінеді», – дейді Сорос-Қазақстан қорының «Ашықтық және Есептілік» бағдарламасының үйлестірушісі Динара Погодина.
Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және Қазақстанның сарапшылық қоғамдастығының өкілдері қатысады. Конференция шеңберінде ӨӨАБ өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар жасап шығарылады, бұл ұсыныстар ары қарай ҚР заңнамасында және тәжірибесінде жалғасын табу үшін жасалады.
Қосымша ақпарат алу үшін: Бағдарлама үйлестірушісі М. Хакимовқа, ұялы т: +7 701 340 0979, mkhakimov46@mail.ru байланыса аласыз.
«Аялы Орта» ҚҰ 2004 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді, және де аумақтың экологиялық және әлеуметтік мәселеріне ерекше көңіл аудара отырып, Атырау облысы әкімінің, Дүниежүзілік банктың және Сорос-Қазақстан қорының гранттары бойынша көптеген тиімді жобаларды жүзеге асырды.