Кез келген мемлекеттің әлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі – сол елдегі жұмыспен қамтылған халықтың үлесі. Сондықтан республикада жұмыссыз жүрген азаматтардың екі қолға бір күрек табуына, өзін-өзі жұмыспен қамтимын деушілерге кәсіп бастауға мол мүмкіндік жасалуда.
Әсіресе, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында көрсетіліп жатқан жәрдем көп. Дегенмен, мемлекеттің қолдауы ретінде берілетін грант жұмыссыз азаматтардың кәсібін дөңгелетіп, нәсібін табуға жеткілікте ме? Бұл зерттеу Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2018 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды тәмамдап, грант алып, бизнес жобаларын іске асыруға қаржының жеткілікті болған/болмағандығын айқындау мақсатында жасалды.
Ж. Досмағанбетова Сорос-Қазақстан қорының “Ашықтық және есептілік” бағдарламасының Open Budget Fellowship жобасының түлегі. Жоба барысында ол “Қайтарымсыз гранттың қайыры бар ма? ” зерттеу жұмысын дайындады.
Жұмыспен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар:
Прикрепленные файлы