17/04/2018
Тинде Ковач Черович
12/02/2018
Дамыған мемлекеттің басты белгісі − дамыған қоғам
20/04/2018

Режиссер Борис Павлович: «Инклюзив театры кәсібилікке ұмтылуда»  

 

Сорос-Қазақстан қоры «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының қолдауына ие болған жобалардың бірі – “Действие буквально” инклюзив театр зертханасы өз жұмысын жалғастыруда. Мұндай жобалар халықтың инклюзивті қозғалыстарға деген ерекше ықыласы мен қызығушылығын арттырады. Қазақстанда бұл мәдениет енді ғана басталып жатыр.

Инклюзивті театр әртүрлі қабілеті бар актерлердің кәсіби дамуы үшін алғашқы қадам.  Кәсіби актерлер мен қоғамдық қорлардың ерекше тәрбиеленушілері ұжымдасу арқылы, театр өнерінің жаңа формаларын ашуы мүмкін.

Танымал режиссер Борис Павлович “Действие Буквально” инклюзивті театр зертханасында денсаулығында менталды ерекшеліктері бар жасөспірімдермен жұмыс істеу үшін Ресейден арнайы келді. Мұндай ерекше жасөспірімдермен 4 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл “Жаңа азаматтық бастамалар” жобасы аясындағы  зертхананың екінші кезеңі. Ерекше театрда кәсіби әртістермен қоса жасөспірімдер Қазақстандағы алғашқы инклюзивті шығармашыл алаң жасамақ. Интенсивті тренингтер Трансформа алаңында және ARTиШОК сахнасында өтеді.  Ерекше жасөспірімдерге осындай мүмкіндік беріліп отырғанына ата-аналар қуанышты.  Театр табалдырығын аттаған сәттен-ақ балалар өздерін ересектердей сезініп, тіпті кейбіреулері “актерлық өмірін” бастап кетті.  Тренингтың пайдалы өтуі үшін ата-аналар сахнаға жіберілмейді, олар есіктің сыртынан бақылап тұрады.

«Инклюзивті театр кәсібилікке ұмтылуы тиіс. Қатысушылардың жартысы заманауи өнердің өз ісінің шеберлері және бұл жобаға толықтай ат салысатын кәсіби актерлер.  Сонымен қатар, ерекше труппамызда ерекше қатысушылар бар. Біздің зертханамыз кәсіби театр әртістерінің де, кәсіби емес ерекше әртістердің де мүмкіндіктерін дамытады. Зерттеудің міндеттері кездейсоқ емес – процесте арнайы заңдылықтар бар, сондықтан біздің жобамызда кәсіби және ерекше актерлердің түйісуіне қарамастан, мұндай әдіс-тәсілдер болашақта кәсіби зерттеуге айналуына толық құқылы. Мені кәсіби де, кәсіпқой да театр қызықтырады. Киров балалар мен жасөспірімдер театрында бас режиссер болғанымда менің өз студенттік зертханам болатын. Ол жерде театр өнерінен алыс студенттермен жұмыс жасадым. Студенттер мен кәсіби әртістердің талғамы жер мен көктей.  Петербургке қайтып келген соң, мен Г.А Товстоногов атындағы үлкен драма театры (ҮДТ) әлеуметтік жобалармен айналыса бастадым. Содан кейін «Антон тут рядом» орталығы аутизмге душар болған адамдармен жұмыс істеуді ұсынды. Мен өзіме тағы бір жол таңдадым» – дейді Борис Павлович.

2015 жылдың желтоқсанында  Г.А. Товстоногов атындағы ҮДТ және «Антон тут рядом» әлеуметтік абилитация, ересектерге арналған білім беру және шығармашылық орталығымен бірлесе отыра “Құстар тілі” атты инклюзивті қойылымын ұсынды. Сахнада кәсіби әртістермен қоса ерекше әртістер де өнер көрсетті.  Аталмыш спектакль “Золотая маска” байқауында жүлделі орынға үміткер болса, режиссер Борис Павлович қазылар алқасының “Жыл жаңалығы” жүлдесіне ие болды. Бұл қойылымды инклюзивті театрдың  бастамасы деп айтуға болады.

«Ресей де, Қазақстан да бірдей жағдайда тұр. Мен оқыту жайлы сөз қозғай алмаймын, себебі ол саламен айналыспаймын. Алайда, мәдени өмірімізде әр түрлі қоғам өкіліне бірдей арналған жобалар тұсауын кесуде. Бұл жобаларға өте көп көңіл бөлінеді деп айта аламын. Егер жоба резонанс тудырса, оған әртүрлі сын айтылады. Біреу қолдап жатады, ал кейбіреулер керісінше қолдаудан алыс».

Әлеуметтік инклюзивті театрдағы жұмысын Борис өзінің міндеті деп есептейді.

«Маған әлі ешкім көрмеген, ешкім байғамаған нәрселермен жұмыс істеу ұнайды. Жаңа бағытта жұмыс істеп, қайтадан бәрін балаша, өз бетімше  үйренгеннен ләззат аламын.  Егерде «Три сестры» немесе  «Ромео және Джульетта» қойылымы мың рет қойылған болса, онда сен мың бірінші рет қойылымды өз көзқарасыңда ұсынып, барлығының алдын орап кету керексің. Бұл үлкен еңбекті талап етеді. Маған әрқашан театр өнерінін хабары жоқ адамдармен жұмыс істеген қызықты. Себебі, олармен бірге өзімде театрдың жаңа қырларын аша бастаймын, бұрын байқамаған нәрселерді байқаймын. Сахна, сахналық қарым-қатынасқа деген көзқарасымды жаңартамын. Біз театрға алғаш келгенде қолымыздан ештене келмейтін, тез шаршап қалатын жандардаймыз. Уақыт өте келе белгілі бір дағдыларға ие болу арқылы театрды алғашқы кереметінде көруді ұмытамыз.  Екеуі де үлкен мәселе. Ежи Гротовский сахнаға шыққан актер әрқашан дебютанттай болу керек, барлығы оған таңсық болу керек деген екен. Ал, Станиславский “сахнада алғаш рет” деген түсінік театрда қағида сияқты үнемі айтылады, әр актер сол күйге жету үшін көп ізденуі тиіс деген екен.  “Алғаш рет” түсінігі мені тек театрда ғана емес, өмірде де дағдыма айналып кеткендей»

«Действие буквально» зертханасының аясында өткізіліп жатқан тренингтер ерекше жандарға өзін табуға, дамытуға көмектеседі. Ерекше адамдар әлемді менен басқаша көреді, дәл солай мен де бұл әлемді басқаша қабылдаймын. Олармен танысқан кезімде мен оларға, олар маған қызық болып көрінеміз. Өмір жайлы қалыпты стереотиптерді бұзамыз. Менің ойымша бұл өте маңызды»

Инклюзивті театр көп күшті талап етеді. Қатысушылар берілген тапсырмаға байланысты 2-3-тен жұмыс істейді. Бір сабақ  екі жарым сағатқа дейін созылады.  Тәртіп пен көңіл-күйге үлкен мән беріледі.

«Әр кезде әр қалай: кейде бір жарым сағат жұмыс істесек, кей күндері қырық-ақ минут жұмыс істеуге мүмкіндік болады.  Бұл тапсырмаға байланысты. Егер тапсырма зейін қою мен техниканы талап етсе, қатысушылар тез шаршап қалады. Ал егер шығармашылыққа арналған тапсырма болса, уақыттың қалай өткенін байқамай қаламыз. Инклюзивті жұмыста режиссер да тез шаршайды, себебі қатысушылармен бірлікте жұмыс істеуі керек. Режиссер ретінде “достар, сендер жалғастырыңдар, мен сырттай бақылайын” деп айта алмайсың. Әрдайым қасында болуым керек. Сабағымыз екі жарым сағат қана болғанымен, толық жұмыс күніндей өтеді»

Инклюзивті театр – өнердің құбылмалы формасы. Мұнда қарапайым драманың заңдары әрдайым жұмыс істей бермейді.

Наурыздың 17-25 және 22-29 сәуір аралығында Борис Павловичпен жобаның 2 кезеңі өтеді. Бұл кезеңге Ресей театр қайраткерлері Михаил Дурнеков, Алина Михайлова және Ника Пархомская тренингтер өткізетін болады. Мұндай ерекше театр Қазақстандағы алғашқы инклюзивті театрлардың бастамасы боларына үміттенеміз.