11/02/2016
iMediaProject – 2015. Мультимедиялық стартаптар бойынша байқаудың қорытындысы.
08/02/2016
Алматының дамуына бағытталған жобалар байқауының қорытындысы
23/02/2016

Алматының дамуына бағытталған жобалар байқауының аралық қорытындысы

СҚҚ URBAN FORUM ALMATY жобасының серіктестерімен бірлестікте Алматы қаласының дамуына бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалардың аралық қорытындысын жариялады.

Былтыр Сорос-Қазақстан қоры Жастар бағдарламасы қызметінің аясында URBAN FORUM ALMATY жобасының серіктестері мен қатысушыларымен бірлестікте Алматы қаласының дамуына бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға байқау жариялаған болатын. Байқауға 80 сұраным келіп түсті. Байқаудың әділқазылар алқасы жартылай финалға келесі жобаларды таңдап алды:
  1. Алматы қаласының экологиялық жағдайына фото және видеомониторинг жасау, соның ішінде аса қорғалатын табиғи аймақтар мен қаладағы экологиялық жағдайдың жақсаруына атсалысу (сотқа дейінгі және соттағы әдістер)
  2. Алматы бойынша иллюстрациялық жолнұсқа
  3. БАЛАПАН еліне саяхат
  4. Жазғы заманауи өнер мектебі 2016.
  5.  «Жақсы көруді, сақтауды үйренеміз» атты білім беретін эко-жоба.
  6. Архитектуралық бірегейлікті түгендеу
  7.  “(Со)Временность” жаңа әмбебап жобасы
  8. Алматы әуе бассейінінің ағымдағы экологиялық жағдайын саралау үшін құрылған сарапшылар кеңесі, индикаторлар мен ұсыныстарды дайындау
  9. Урбанистиканың жаздық мектебі: қала парадокстарын ойын тіліне түсіру
  10. “URBAN TALKS” атты қаланы түрлендіру мен дамытуға бағытталған ай сайынғы кездесулер
  11. Бәріне арналған спорт
  12. Қала шешімдері

Аталмыш сұранымдарды қарастырудың екінші кезеңі ақпан аяының соңында өтеді. Сұранымдарды бағдарламаның Сарапшылар кеңесі қарастырады.