“Қоғамдық саясат” бастамасы
Мақсаты: Қазақстанда қоғамдық саясат саласын дамыту.
Осы мақсат аясында Сорос-Қазақстан қоры:
- жас зерттеушілерге қосымша білім алу (саяси анализ, мәліметтерді визуализациялау; коммуникация және т.б) мүмкіндіктерін ұсынады;
- Қазақстан қоғамын толқытатын келелі мәселелер бойынша ұсыныстарды дайындауға қолдау көрсетеді;
- маңызды идеяларды талқылау және ұсыныстарды талқылау үшін диалогтық алаңдарды дамытады.
Толық ақпарат алу үшін Бағдарламалар директоры Бота Аязбаеваға хабарласуыңызды сұраймыз: ppi@soros.kz
Сорос-Қазақстан Қорының байқаулары туралы хабарландыруларға жазылу үшін ac@soros.kz мекен-жайына хат жолдап, ұйымның атауын, байланыс тұлғасы мен электрондық поштаны көрсетіңіз.
Назар аударыңыздар! Қор бастамалары қор бағдарламаларынан нақты бекітілген қызмет жоспарының болуымен ерекшеленеді. Сондықтан қор алдын ала бастама директоры не үйлестірушісімен келісілмеген сұранымдарды қабылдамайды.