Ашық экономика
«АШЫҚ ЭКОНОМИКА» БАСТАМАСЫ
Бастама миссиясы адам құқықтарын мойындау мен құрметтеуді көрсететін инклюзивтік экономикалық реформаларды қолдау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін Бастама келесі мәселелерге бағытталған жобаларды қолдайды:
- Қазақстанда экономикалық саясат бойынша ұсыныстарды дайындау және ашық талқылау;
- Экономикалық реформаның ең келелі мәселелері бойынша қоғамдық талқылауларды қалыптастыру;
- Экономика саласындағы сарапшылар, сараптамалық орталықтар мен мемлекеттік құрылымдар арасында ынтымақтастықты кеңейту;
- ЭЫДҰ және өзге халықаралық ұйымдардың Қазақстанның аса дамыған 30 елдің қатарына енуіне көмектесетін ұсыныстарын алға жылжыту.
Толық ақпарат алу үшін Бағдарламалар директоры Бота Аязбаеваға келесі электрондық пошта арқылы хабарласа аласыздар openeconomy@soros.kz
Сорос-Қазақстан Қорының байқаулары туралы хабарландыруларға жазылу үшін ac@soros.kz мекен-жайына хат жолдап, ұйымның атауын, байланыс тұлғасы мен электрондық поштаны көрсетіңіз. Назар аударыңыздар! Қор бастамалары қор бағдарламаларынан нақты бекітілген қызмет жоспарының болуымен ерекшеленеді. Сондықтан қор алдын ала бастама директоры не үйлестірушісімен келісілмеген сұранымдарды қабылдамайды.