12/02/2018
Александра Цай: Қазақстанда қуғын-сүргін тақырыбы ешкімді бей-жай қалдырмайды.
30/05/2017
Режиссер Борис Павлович: «Инклюзив театры кәсібилікке ұмтылуда»  
17/04/2018

Тинде Ковач Черович

Тинде Ковач Черович, Белград университетінің профессоры, инклюзивтік білім беру саласындағы халықаралық сарапшы Астанаға Сорос-Қазақстан қорының ұйымдастыруымен өткен инклюзивтік білім берудің ұлттық жиектерін қалыптастыру бойынша тренингке арнайы сапармен келді.

Тренинге еліміздің білім беру саласының қызметкерлері қатысты. Сорос-Қазақстан қорының Қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сәуле Аманжоловна Қаликова Тиндемен сөйлесіп, бізді қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Сәуле Қаликова: Тинде, инклюзивтік білім беру саласында мониторинг жасаудың ұлттық жүйесінің әр елде болғаны жөн деп жатамыз. Не үшін?

Тинде Ковач Черович: Бүкіл әлемде білім беру жүйесі өте күрделі болып келеді. Олар білім беру мәселесінің мақсаты мен міндеттеріне түрлі, кейде мүлде кереғар көзқарастары бар көптеген адамдарды қамтиды. Осындай күрделі жүйені, тіпті, мысалы жаңа оқу жылын ұйымдастыру, кітаптарды тарату, бітіру емтиханына дайындалу сынды қалыптасқан дағдылы процестерден тұратын сегменттердің өзінде де басқару оңай емес. Ал білім беру саласында болатын жаңалықтар жүйені басқару саласында қосымша мәселелерді туындатады. Себебі бұл процестер көптеген білім беру субьектілерін қайта бағдарлау қажеттілігімен қатар жүреді және барлық мүдделі тараптарды ортақ жаңа мақсаттарға шоғырлануды талап етеді. Нысанаға бағытталған мониторинг жиегін қалыптастыру саясаткерлерге, басшыларға және практиктерге назарларын өзгеру процестеріне шоғырландыруға, оларды қолдауға және сонымен қатар түрлі мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Білім беру саласындағы инновациялар арасында инклюзивтік білім беру өзінше бір төбе екені сөзсіз. Себебі ол өзінің мазмұны бойынша өте күрделі болып қана қоймай, машықтардың, құндылықтар мен тәжірибелердің түбегейлі өзгерістерін талап етеді. Осы үшін де мониторинг жасау үшін келісілген жүйенің болғаны дұрыс. Бұл, әсіресе, мәліметтерді жинау және оларға мониторинг жасау жүйесі әлі орнықты жұмыс істемей тұрғанда, сонымен қатар бірқатар мүдделі тараптардың инклюзивтік білім беру туралы толыққанды білімі жоқ кезінде өте ыңғайлы. Осы ретте, конструктивті талқылау орнату үшін ортақ тілдің болғаны дұрыс. Талқылау даму үшін шешуші мағынаға ие. Сәйкесінше, мониторинг жүйесі қандай да бір фактілерді табуға мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, инклюзивтік білімді жүзеге асыруға мүдделі тараптар үшін өзара түсінісіп, іс әрекеттерін келесу үшін қажет.

Жақсы дайындалған мониторинг және бағалау жүйелері бар елдер (мәселен, Шотландия, Жаңа Зеландия, Австарлия, Нидерланды және т.б.) оларды инклюзивтік білімге қатысы бар көрсеткіштерді қамту үшін қолданыла алады. Ал білім берудің икемді мониторинг және бағалау жүйелері дайындалмаған елдерге инклюзивтік білім берудің мониторингісінің қандай да бір ұлттық жиегін дайындауға ұсыныс жасау керек.

Сәуле Қаликова: Бұл Сербияда қалай жұмыс істейді?

Тинде Ковач Черович: Сербияда инклюзивтік білім беру мониторингісінің ұлттық жиектері Жалпыұлттық инклюзивтік білім беру жүйесін енгізгеннен кейін 2014-2015 жылдары дайындалды. Шынын айтқанда, ол кезде бұл өте кеш енгізілген жиек болды, себебі мониторинг жасау жүйегі өзгерістерді енгізу уақытына дейін дайындалуы керек. Бірақ соған қарамастан мониторингтің ұлттық жиегінің бірқатар сипаттамасы қалыптасып келе жатқан жүйе үшін өте пайдалы құрал болды.

Біріншіден, Мониторинг жиектері басқарудың барлық деңгейіне – ұлттық, жергілікті, мектептік деңгейіне дайындалған болатын. Бұл түрлі деңгейде жиналатын мәліметтердің келісімділігін қамтамасыз етті. Ал бұл өз кезегінде ұлттық білім беру саясатының білім берудің төменгі жүйелеріне, яғни муниципалитет және мектеп деңгейіне қалай әсер еткенін бағалауға мүмкіндік берді. Инклюзивтік білім беру дәл осыны талап етеді: саясат күнделікті жұмыста қарапайым мектептердегі сыныптарда жүзеге асуы керек, сондықтан да мәліметтерді жинау барысындағы келісімділік аса маңызды.

Екіншіден, мониторингтік жиек көрсеткіштері бақылау көрсеткіштерінің бар-жоғын немесе көрсеткіштердің өзгеру деңгейін эмпирикалық түрде анықтауға мүмкіндік беретін инструменттермен үйлесу керек. Бұл сұрақ туралы елімізде жетерлік тәжірибие болмағандықтан, ал бақылау көрсеткіштері әлі де болса нақты болмағандықтан инклюзивтік білім беру процесін жеңілдету үшін бұл инструменттер өте орынды болды. Көрсеткіштердің басым бөлігін бағалау инструменттері түрлі бенефициар топтарына дайындалған болатын (мысалы, мектеп, мұғалімдер, осал топтағы балалардың ата-аналарына, оқушылардың өзіне арналған сауалнама. Сонымен қатар, бақылау хаттамасы және тексеру тізімдері). Бұл мониторинг жиектеріне жеңіл қолданылатын практикалық инструментарий алуға мүмкіндік берді және соның арқасында біз Мониторинг жиектері бекітілгеннен кейін бірден мәліметтерді жинаудың алғашқы раундын ұйымдастыра алдық. Аталмыш зерттеудің нәтижесі білім беру саласының барлық деңгейінде бірқатар қауіпті белгілерді анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде біз оларға жауапты бірқатар шара қолдана алдық.

Үшіншіден, Сербияның мониторинг жиегінің тағы бір маңызды жаңалығы бар: олар кіру, процесс және нәтижелік көрсеткіштерін бөліп қарастырады. Осы үш көрсеткіш арасында нақты бөліністерді табу қиын міндет болғанымен, бұл бөліністер анықталған мәселелердің көздері туралы нақты қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе өте пайдалы болды және біз осы әдісті, әсіресе, инклюзивтік білім беруді енгізуде қолдануға кеңес берерміз. Дайындалған жүйе негізінде өткізілген мониторинг арқылы кіру көрсеткіштері төмен, тіпті, мүлде болмаған жағдайларды анықтадық. Мәселен, кейбір мектептер қандай да бір кітаптарды алмапты, кей мектептерде инклюзиатік білім беру заңнамасы бойынша мектептеріне тіркелген түрлі оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы ереже болмаған, кей ата-ана бар мүмкіндіктер туралы ақпараттанбаған, кей мектептерде оқытушылар кең көлемді дайындықтан өтпеген және т.б. Сәйкесінше, оқушыларды дұрыс енгізбегені үшін мектеп қызметкерлері емес, осы мәселе орын алған жергілікті аймаққа жауапты министірлік шенеуніктері кінәлі екені даусыз. Осы ретте, инклюзивтік білім беруді енгізудің алғашқы жылдарында бар күшті кіру көрсеткіштеріне мониторинг жасауға жұмсаған жөн. Яғни, барлық көрсетілген межеде бенефициарларды (мектеп, мұғалімдер, балалар мен ата аналарды) қамту деңгейін анықтау;  сосын 5-6 жылдан кейін күшті процесс көрсеткіштерімен (шаралар дұрыс орындалған-орындалмағанын тексеру үшін); нәтижелілік көрсеткіштеріне мониторинг жасауға жұмсаған дұрыс (әрине, сандық көрсеткіштерге мониторинг жасау орынды болған кезде). Осы логика келесі белгілі бірақ жағымсыз фактіні – білім беру реформалары нәтижені тек ұзақмерзімді мерзімде ғана береді және кез келген жаңалық қысқаша уақытқа жағдайды нашарлатуға алып келуі мүмкін – деген қағиданы алға тартары сөзсіз. Тек барлық элементтер орныққаннан кейін ғана реформаның барлық қатысушыларын жеке және кәсіби бейімдеуге мүмкін болады, нәтижелердің артуына мүмкіндік туындайды.

Сәуле Қаликова:  Осының бәрі қарапайым мектептердің күнделікті жұмысында инклюзивтік білімді дамытуға қалай көмектеседі?

Тинде Ковач Черович: Мониторингтің ұлттық жиектері мектептерге оларды пайдалануға қиын болмайтындай деңгейде өзін-өзін бағалауға мүмкіндік береді. Мәліметтерді жинау көрсеткіштері мен құрылғылары инклюзивтік білім берумен байланысты мектеп процесінің әр оқушыға бағытталған оқыту процесінен бастап, идеалды үлгіге қолжеткізуге дейінгі барлық мектеп оқушыларына ыңғайлы аспектілерді қамтиды. Мектеп өмірінің барлық қатысушыларына тиесілі көрсеткіштер бар: мектеп директорларына, психологтарына, оқушыларға, ұстаздарға және ата аналарға арналған инструменттер. Бұл көрсеткіштердің бәрін мектептердің қызметіне толыққанды жан-жақты және мектеп өмірінің бөлек аспектісін бағалауға қолдануға болады. Бұл көрсеткіштердің бәрі мектепке көмектесу үшін қызмет атқарады.

Алайда мониторинг жиектеріне енгізілген екі қосымша, бірақ ерекше аспекті бар. Олар мониторинг мақсаттарына қызмет етіп қана қоймай, мектептерге шын мәнінде инклюзивтік мектеп болуға көмектесетін басшылық болуы мүмкін. Оның бірі мониторинг жиегі арқылы алға жылжытылатын мулти-әлеуеттілік болып табылады.  Мониоринг жиектері инклюзивтік білім беруге қатысы бар көптеген мүдделі тараптар арқылы ақпаратты жинаудың ресурсы. Жиектер түрлі көздерден келіп түсетін ақпаратты салыстыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар, оқушылар және/немесе ата-аналар сынды әдетте есептеле бермейтін әлеуеттерді түсінуге және бағалауға көмектесе отырып, конструктивті талқылауды орнатуға мүмкіндік береді. Мақсатқа негізделген сұрақтар мен дайындалған өлшеу жүйесі арқылы жиектер ата-аналар мен оқушылар, жалпы халық пен ерекше қажеттіліктері бар отбасылар, мүгедек балалар мен әл-ауқаты төмен отбасылар пікірлері арасындағы айырмашылықтарды жүргізуге көмектеседі.

Олардың дауысына, әлеуеттері мен тәжірибесіне құлақ аспау арқылы инклюзивтік ортада тап болуы мүмкін мәселелерді ескермеуі мүмкін. Мониторинг жиегінің осы ретте екінші маңызды сипаттамасы – мектептер мен мұғалімдерге дайындалған процесс көрсеткіштерін бағалау инструменттерінің көптілігі. Инклюзивтік білім беруді бағалау үшін негіз болып табылатын нақты мәліметтерді ұсынудан өзге, бұл инструменттер, сонымен қатар, білім беру жүйесінің барлық қатысушыларының назарын аударатын фактор болып табылады.

Психологтар бұл инструменттер мектептердің, оқушылар мен инклюзивтік білім беруід енгізудің алғашқы жылдарында айрықша маңызды болып табылатын жалпы жүйені «проксимальды даму аймағын» бағалауға мүмкіндік береді дейді.

Бұл ретте мониторинг жиегі арқылы әр мұғалім өзін-өзін бағалай алады. Осы арқылы мұғалімдер өздерінің бүкіл сыныппен не жекелеген оқушымен, олардың ата-аналарымен және т.б. оқыту жүйесінің күшті және әлсіз жақтары туралы жеке пікірлерін қалыптастырады. Мониторинг жасау жиегіне қатысу мұғалімдерге өз ұстаздық тәжірибесін жақсартуға және инклюзивтік білім беру тәжірибесінде рефлексивтілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сондай ақ, мониторинг жиегінің айқын емес, бірақ маңызды аспектісіне тоқталып өткім келеді: Сербияның мониторинг межесін дайындау процесінде ЮНИСЕФ және «Ашық қоғам қорлары» сынды ірі серіктестеріміз, Білім беру министрлігі және Сербия үкіметінің Әлеуметтік интеграция және кедейліктің деңгейін азайту сынды бірқатар үкіметаралық ведомствалар қатысты. Мониторинг межелерін дайындауға олардың қатысу фактісі Сербия мектептерінде инклюзивтік білім беруді енгізу процесіне қолдау көрсетіп, мектепрге түрлі құрылымдар мен қатысушылардан бірдей ақпарат алуға жағдай жасады.

Бір ақпаратты түрлі құрылымдар мен адамдардан есту мектептер үшін өте пайдалы: бұл оларға өздерін бағдарлауға және ұсынылған бастаманы жүзеге асыруға көмектеседі. Алғашқы инклюзивтік білім беру нәтижелерімен де ұқсас жағдай болған. Білім беру саласының барлық мүдделі тараптары түрлі агенттіктермен ұйымдастырылған түрлі шаралар арқылы бірдей ақпараттандырылып, келесі қадамдары және Мониторинг жиектері негізінде одан арғы зерттеулері туралы ойлану мүмкіндігін алды.

Мен сіздерді Қазақстанда мониторинг жасау жиегін дайындауға бет бұрғандарыңызбен құттықтап, қадамдарыңызға сәттілік тілеймін.