03/12/2020
Сайлауға қатысты нұсқаулықтар
01/12/2020
Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет жайлы кітап
14/12/2020

Инклюзия – мемлекетке көмек

Инклюзив білім беру саласындағы сарапшы Зият Абдыкаимов пен құқық қорғаушы, «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының директоры Елена Швецова Қазақстандағы цифрлық контентке қол жеткізу жөніндегі ақпараттық кампания әзірлепті. Сарапшылар Сорос-Қазақстан қорына өзекті ақпаратқа тең қол жеткізу мәселелері мүгедектігі бар адамдарға ғана қатысты емес екенін, бұл тек мүгедектігі бар адамдардың басындағы проблема емес екенін айтты.

Зият Абдыкаимов – Назарбаев Университеті Білім беру мектебінің түлегі. Магистратура тәмамдаған соң елдегі үздік жоғары оқу орындарының бірінде ассистив технологиялар мен ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі сарапшы-менеджер болып жұмысын жалғастырған:

Ағылшынша сәл қысқаша айтылады. Әріптестерімізбен бірге университеттің ақпараттық ресурстарына айрықша қажеттіліктері бар, соның ішінде зағип студенттер мен қызметкерлердің қол жеткізуін қамтамасыз етумен айналысамыз. Қазір кітапханада қажет құрал-жабдық бар; арнаулы құралдармен және бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған ассистив технологиялар кабинеті бар. Ол университет студенттері мен қызметкерлерінің кітапханадағы ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Құқық қорғаушы Елена Швецовамен бірлесіп, ақпараттың ең алдымен қазақстандықтардың түрлі топтарына – мүгедектігі бар адамдардан бастап қарттарға дейін, тұрақты интернетке қол жеткізе алмайтындарға қолжетімділігін зерттеген:

Бұл кампанияның мақсаты – egov порталынан бастап, сайттарға, мобайл қосымшалар мен өзге Зият Абдыкаимовде платформаларға дейін мемлекеттің ақпараттық ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданып, шара жасалуы қажет екені туралы жауапты мемлекеттік органдарды хабардар ету. Яғни, мемлекеттік органдар халықпен өзара әрекеттесуде пайдаланатын цифрлық өнімдердің бәріне түрлі ауытқулары бар адамдар да еркін қол жеткізе алуы керек деген сөз. Ол ауытқулар – ең алдымен сенсорлық ауытқулар, көру және есту қабілетінің бұзылуы. Цифрлық контенттің қолжетімділігіне кеңірек қарасақ, ол мүгедектігі бар адамдардың ғана емес, халықтың ауқымды топтарының мүддесіне қатысты. Мысалы, қарт адамдар, техникалық мүмкіндіктері шектеулі жандар, яғни, кең жолақты интернетке қол жеткізе алмайтындар, сайттарды мобайл құрылғылар арқылы қолданатындар және т.б.

Елена Швецова Қазақстан заңнамасы елімізде 2015 жылы ратификацияланған БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын ұстануға қолдау жасамайды дегенді алға тартады:

– Ақпаратқа қол жеткізуді мүгедектігі бар адамдар тұрғысынан қарастырсақ, бұл – қазіргі таңда мемлекеттік органдар мүлде назар аудармай отырған ауқымды тақырып. Қазақстандағы мүгедектігі бар жандардың алдынан ақпарат алуда түрлі қиындықтар шығады. Ақпарат туралы заңда ақпаратты тарату құралдары мен формалары туралы ештеңе айтылмаған. Алайда, Қазақстан 2015 жылы ратификациялаған БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясында ақпаратқа қол жеткізу туралы 21-бапта бәрі анық жазылған:

Елена Швецова«Мемлекет мүгедектердің көзқарасы мен наным-сенімін білдіру еркіндігіне құқығын, өз таңдауы бойынша қарым-қатынастың барлық түрлерін пайдалана отырып, басқалармен тең дәрежеде ақпараттар мен идеяларды іздеу, алу және тарату еркіндігін қоса алғанда, пайдалана алуын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларды жасайды». Яғни, мемлекет бұқара көпшілікке арналған ақпаратпен мүгедектіктің түрлі формаларын ескеретін ыңғайлы форматтарда, уақытылы және қосымша ақысыз қамтамасыз етуді жолға қоюы керек деген сөз.

Инклюзив қоғам құру жолында заңнамалық базаның рөлі үлкен екеніне Зият та келісіп отыр:

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға сәйкес, ақпарат балама формаларда – мүгедектігі бар адамдар қолдана алатын кез келген әдіс, тәсілдермен, мысалы, ым-ишара тілінде, Брайль шрифтімен ұсынылуға тиіс. Негізі, мәселе мынада: мемлекеттік органдарды немесе тіпті коммерциялық компанияларды өз өнімдерін мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуіне ыңғайлы етуге міндеттейтін  арнаулы заңдық нормалар жоқ. Ал оның бәрін сайттарды, қосымшалар мен өзге де цифрлық өнімдерді жоспарлау, жобалау сатысында әзірлеу керек. Бізде 2012 және 2017 жылы әзірленген ұлттық стандарттар бар, бірақ олар тек ұсынымдық сипатта және тіпті мемлекеттік органдар үшін міндетті емес. Тиісінше, сайт жасау барысында оларды ешкім ескермейді де. Осыдан келіп egov порталындағы электрондық цифрлық қолтаңбаға қатысты қиындық туындады. Оны, айталық, зағип жандар пайдалана алмайды, өйткені ЭЦҚ жұмыс істейтін қосымша оларға арнап икемделмеген.

Пандемия кезінде «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорына жаппай карантин кезінде мемлекеттік қызметтер алуда қиындық көрген қазақстандықтар жүгінген:

Мемлекет мемлекеттік органдардың ақпараттық порталдарын, соның ішінде egov порталын белсенді қолданады. Алайда, көру қабілеті бұзылған жандардың оған қол жеткізуі аса төмен. Өйткені зағип жандар үшін сайттардағы ақпаратты оқып беретін бағдарламалар олардағы біртүрлі кестелер мен сызбаларды тани алмайды. Сондай-ақ сайттардың ішіндегі бір беттен бір бетке өтудің өзі қиын, ол зағип жандарға қажет ақпаратты табуға мүмкіндік бермей, сөйтіп олардың ақпаратқа қол жеткізуін қиындатады,  – дейді Елена. – Пандемия және халықтың жүріс-тұрысы шектелген кезеңде біздің «Еркіндік Қанаты» қорымызға зағип жандар жүгініп, физиологиясының ерекшеліктеріне байланысты онлайн ЭЦҚ ала алмағанынан айтты. Қор атынан адам құқықтары жөніндегі өкілетті өкіл Эльвира Азимоваға хат жолдап, egov порталы зағип жандарға қаншалықты қолжетімді екеніне сараптама жасауды сұрадық. Біздің хатымыз ақпарат министрлігіне қайта жолданып, ол жақтан қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін не істеліп жатқаны жөнінде төрт бетке жазылған жауап келді. Алайда, әлі күнге дейін  мүгедектігі бар адамдар, әсіресе көз жанары бұзылған жандар ақпаратқа қол жеткізуден қиналып жүргенін көріп отырмыз.

Одан бөлек, Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар коронавирус және одан қорғану тәсілдері туралы өзекті ақпараты үнемі алып отырмаған. Мүгедекті бар адамдар сондай-ақ азық-түлік жеткізу және зат тасымалдау сервистеріне де қол жеткізе алмаған:

Ақпарат өрісін қадағалап отырамын, сонда Қазақстанда түрлі санаттағы мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді форматта ақпарат әзірленіп жатқаны туралы бір де бір жаңалық көрмедім. Мына жағдайда мүгедектігі бар адамдардың да денсаулығы мен өміріне қауіп төнді. Цифрлық контентке, атап айтқанда сайттар мен қосымшаларға қол жеткізе алмаудың салдарынан, мүгедектігі бар адамдар азық-түлікке, дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, әлеуметтік қызметтерді онлайн пайдалана алмаған. Мүгедектігі бар адамдар айналасындағыларға, әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Осының бәрі вирус жұқтыру қаупін арттыра түсті, – дейді Зият.

Сарапшылар мемлекетке интернет-ресурстардың мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді болуына қойылатын талаптарды реттейтін ұлттық стандарттарды жаңартып, содан кейін оларды бәрінің ұстануын міндетті қылуды ұсынып отыр:

Қазіргі, 2012 жылы қабылданған ұлттық стандарт ескіріп кетті, ал 2017 жылы қабылданған стандартта, неге екені белгісіз, тек көруіне байланысты шектеулер бар адамдар туралы ғана айтылған. Ұлттық стандарттар 2018 жылы қабылданған халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Ресейде биыл ғана ұлттық стандарттар ретке келтірілді. Стандартты жаңартып қана қоя салған жеткіліксіз. Яғни, оны дәл осы қалпында қабылдап, ұсынымдық сипаттағы құжат ретінде қоя салса, одан жағдай өзгерері шамалы. Оны заңнамалық деңгейде бекітіп, одан иерархия бойынша жоғары тұрған құжатта оны міндетті деп тану туралы ескертілуі керек. Жаңартылған стандарт тым болмаса мемлекеттік органдар үшін міндетті болса, жағдай біртіндеп өзгере берер еді,  – дейді Зият.

Ақпаратқа қашықтан өз бетімен қол жеткізуге жағдай жасай мемлекеттік халыққа қызмет көрсету жүйесіне оң ықпал етер еді. Жалпы мемлекеттік аппаратқа тиімді болар еді дейді Зият:

Практикалық тұрғыдан алғанның өзінде, цифрлық контентке қол жеткізу ыңғайлы болса, ХҚКӨ-дағы халықтың айрықша топтарына қызмет көрсететін қызметкерлердің жүктемесі азаяр еді, ондағы кезектер азаяр еді. Мысалы, бізде бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға үйінен шыға алмай қалғанда көмектесетін мобильді бригадалар қызметі бар. Айталық, мобильді топтардың қызметкерлері олардың үйіне барып, мемлекеттік қызметтерді рәсімдеп береді. Бұған біраз шығын жұмсалады: көлік, адам ресустары, т.б. дегендей. Сайттарға адамдардың бәрі қол жеткізе алса, ондай бригадаларға зәрулік азайып, тіпті жоқ болар еді. Тіпті, жалпы алғанда, цифрлық контентке қол жеткізу мүмкіндігін арттыру мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді: олар онлайн білім алар еді. Білім алу мүмкіндігі жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады: адамдар еңбек нарығына шығуға қажет біліктілік иеленеді, тиісінше, өзін-өзі асырап, мемлекеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыға арқа сүйемес еді.

Кампанияны елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарған соң өткізу жоспарланып отыр. Өйткені кампания барысында қоғам өкілдері, сарапшылар және мемлекеттік өкілдердің қатысуымен жиындар өткізу көзделген.