12/02/2014
«Әлеуметтік үй»: менталдық ақаулары бар жастарды қоғамға ықпалдастыру
11/02/2014
Сарапшылар «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының 1-ші кезеңінің іске асырылу тиімділігіне баға беріп, онкологиялық аурулардың алдын алу мен емделуіне кететін мемлекеттік шығындарды бағалады
18/02/2014

Атырау қаласында бюджет процесіне қоғамның қатысуы және мониторинг, бағалау мәселелері бойынша тренинг өтеді

 Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің және Сорос‑Қазақстан Қорының қолдауымен «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» ҚБ,  БҚО «Заман» өндірушілер ассоциациясымен бірге 13-14 ақпан күндеріАтырау қаласында бюджет процесіне қоғамның қатысуы және мониторинг, бағалау мәселелері бойынша екі күн тренинг өткізеді.

Тренинг «ӨСАБ‑сын алға жылжыта отырып, жергілікті деңгейде биліктің, бизнес және азаматтық қоғамның өзара байланыс жасау институтын құруға көмектесу» жобасы шеңберінде өтеді және алдағы уақытта конструктивті диалог жүргізу үшін барлық мүдделі тараптардың өзара байланыс жасау әлеуетін арттыруға бағытталады.

“Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы” ҚБ директоры Улугбек Тналиев:

«Өткізілетін тренинг бюджет шығындары мен өндіруші компаниялардың әлеуметтік инвестициялық жобаларының айқындылығын қамтамасыз ету бойынша үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға көмектеседі» – деп атап көрсетті.  «Сонымен бірге ҮЕҰ,билік және өндіруші компаниялардың қатысуымен жан‑жақты диалог алаңдарын дамыту арқылы жергілікті деңгейде шешім қабылдау процесіндегі қоғам айқындамасын нығайтуға көмектеседі».

Тренинг тренері ‑ мониторинг, бағалау және мемлекеттік қаржы айқындылығы аясындағы сарапшы, “ERMEC”ҚҚ кеңесшісі және Қазақстанның Ұлттық бюджет желісінің мүшесі Шолпан  Айтенова.  Семинар‑тренинг аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификат беріледі.

Сұрақтар бойынша

“Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы”ҚБ директоры Улугбек Тналиевке

хабарласуға болады

тел: 8 (7122) 32 68 13; моб.тел: 8-701-525-75-40

эл. пошта: independentgeneration@gmail.com