07/11/2016
«Адам құқығын қорғауда жаңа әдістерді пайдалану» байқауының қорытындысы
21/09/2016
Project Syndicate материалдарымен енді қазақ тілінде танысуға болады
24/11/2016

Астанада білім саласындағы мемлекеттік активтерді басқару мәселелері талқыланды

Астана қаласында  ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі Комитетінің тақырыптық отырысы болып өтті. Отырыстың күн тәртібінде білім беру саласындағы мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды арттыру мәселелерін талқылау мәселесі тұрды.

Отырыс аясында Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен «КИПР» Талдау тобымен серіктестікте жүзеге асқан екі зерттеу жұмысының нәтижелері жарияланды. Олар: «Білім саласында мемлекеттік активтерді тиімді басқару жолдарын арттыру» (спикер – Марат Шибутов, саясаттанушы, Алматы қ. қоғамдық кеңесінің мүшесі) және «2015 жылға арналған ҚР білім беру саласындағы ұлттық шоттар» (спикер – Әли Нұрғожаев, денсаулық саласында экономикалық зерттеу орталығының директоры).

Отырыс қатысушыларына білім беру саласының кез келген деңгейіне, сонымен қатар «Кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау» мен «Еңбек қарым-қатынасы» сынды маңызды салаларда білім беру жүйесінің ресурстарын басқару ашықтығы мен тиімділігін арттырудың түрлі аспектілеріне қатысы бар қорытындылар мен ұсыныстар ұсынылды. Оның үстіне, отырыс қатысушыларына Қазақстанда Білім беру саласында Ұлттық шоттарды – білім беру саласында лайықты мемлекеттік басқару қағидаларын ұстануда прогреске жетуге көмектесетін ЭЫДҰ инструментін енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді.

Отырыста ҚР мәжілісінің парламент депутаттары, білім министрлігінің өкілдері және қоғамдық сарапшылар қатысты.