21/11/2014
Джордж Соростың Қазақстанға сапары
20/11/2014
Аутизмді жеңуге болады!
28/01/2015

Астанада инклюзивтік білім беру бойынша семинар өтуде

21-22 қарашада Астанада Сорос-Қазақстан қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлестікте «Инклюзивтік білім беру: заңнамалық шеңберлері, тұжырымдамалық негіздері және тәжірибелік жүзеге асыру механизмдері » атты семинар өткізеді.

Семинардың басты мақсаты білім беру саласында инклюзивтік тәжірибені дамыту үшін  халықаралық тәжірибемен алмасу болып табылады.

Семинар барысында Финдляндиядан шақыртылған сарапшылар – Хеннариикка Кангас(Мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталығы, Рованиеми қ.) және Сай Вайранен(Лапландия университетінің профессоры) жеке бағдармалармен оқыту және ұстазды инклюзивтік мектепте жұмыс істеуге дайындау мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөліседі.

Семинар жұмысына Білім және ғылым министрлігінің, білім беру басқармаларының өкілдері, инклюзивтік мектептердің ұстаздары мен арнайы ҮЕҰ-дар қатысады.