21/04/2017
«iMedia Project – 2017» байқауының нәтижесі белгілі болды
05/04/2017
«Құқық қорғаушылардың жаңа буыны. 2017 оқу жылы» байқауының қорытындысы
25/04/2017

Алматыда “Training Кафе – Болашақ” ашылды

Алматыдағы «Болашақ» базарында Тренинг-кафенің ресми ашылу салтанаты өтті. “Training Кафе – Болашақ” әлеуметтік кәсіпорнының мақсаты – қойылған диагнозға қарамастан менталдық денсаулығында бұзушылықтары бар адамдарды ашық еңбек нарығына қайта оралту.

Тренинг-кафе жобасы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен 2015 жылғы маусым айынан бастап жүзеге аса бастады. Ал жарты жыл бұрын Алматы қ. Әкімі Бауыржан Байбектің қолдауымен кафеге өтеусіз пайдалануға Болашақ базарындағы ғимарат берілген болатын. Бүгінгі таңда кафеде менталдық денсаулығында бұзушылықтары бар 30 адам ауысыммен жұмыс істейді. Олардың барлығы Алматы қ. медициналық-әлеуметтік мекемеден болып табылады.

«Психоаналитикалық қауымдастық» ҚҰ үйлестірушісі халықтың осал топтарымен келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: білім алуға, лайықты тұрғын үй алуға құқықтарын қорғау және т.б. мәселелер бойынша. Маңыздылығы мен қиындығы қатар жүрген Тренинг-кафеде жобасы «Үздік әлеуметтік жобалар» атты қалалық байқауында бірінші орын, “Қазақстан – 2015 үздік әлеуметтік жобалар” көрмесінде екінші орын, “Мейрамхана ісінің жыл жаңалығы” 2015 жылғы лауреаты сынды бірқатар байқаулардың жеңімпазы атанды . Тренинг-кафе қызметкерлері Қазақстанның басқа қалалары және Орталық Азия елдерімен әлеуметтік кәсіпкерліктің тәжірибесімен бөліседі.

«Келесі бес жылда Менталдық денсаулығында бұзушылықтары бар көптеген адамдар біздің кафедегі жұмыс тәжірибесі арқылы жұмыс істеуге, ақша табуға үйренеді және тапқан табыстарынан салық төлейді», – деп жоба үйлестірушісі Бахытжан Худияров кафенің ашылуында өз жоспарларымен бөлісті.

«Біз аталмыш жобаны ең алғаш қолдағандардың бірі болдық. Енді жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асуда», – дейді Айнұр Шакенова, Сорос-Қазақстан қорының «Баршаға ашық қоғам» бастамасының үйлестірушісі. «Осы мысал менталдық денсаулығында бұзушылықтары бар адамдардың өміріне күрделі институционалдық өзгерістерді енгізудің бастамасы болады деп сенемін».