27/06/2016
Алматы қаласының жылы шырайлы және қауіпсіз хайуанаттар саябағы
17/06/2016
Үлкен қаладағы спорт немесе Астананы бұқаралық спортқа ыңғайлы әрі қолайлы қала етіп қалай жасауға болады
20/07/2016

Алматы қаласында «Алақай! Алақай! Музейде Балақай!» жобасының ашылуы

29 маусым 2016ж. сағ. 11:00-де Алматы қаласында «Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі» «Ғылым Ордасы» музейлері бірлесе отырып, Сорос-Қазақстан қорының қаржылық демеушілігімен, мәдени-танымдық «Алақай! Алақай! Музейде Балақай!» (Путешествие в страну Балапан) жолсілтемесінің тұсаукесерін өткізеді.

«Алақай! Алақай! Музейде Балақай!» бұл – 7-13 жас аралығындағы балаларға қала музейлерімен жүргізілетін интерактивті жолбағдар. Ол жас бүлдіршіндердің әлемді өз бетінше тануына бағытталған. Ашылу салтанатында қала тұрғындары алғаш рет жобаның бас кейіпкері ­­- Балақай және оның достарымен таныса алады.

«Қазірдің өзінде жоба аясында 1 ай көлемінде жас тұрғындар қаламыздың тарихи-мәдени орталықтарына танымдық серуендер жасады. Олардың кейбіреулері шеберлік-сыныптары мен шығармашылық тапсырмаларға қатысып та үлгерді. Енді жоба аясында музейге келушілер өздігінен музей экспозициясымен таныса алады. Себебі музей қызметкерлері, редакторлар, дизайнерлер музейді өздігінен тануға арналған тапсырмалардан тұратын интерактивтік жолсілтемелер жасақтап шығарды», ­­­- дейді жоба жетекшісі Ғалия Файзуллина.  

«Аталған жоба «Сорос-Казахстан» қорының Алматы қаласының түрленуі мен жасқаруына, қала кеңістігінің дамуына септігін тигізу мақсатында ұйымдастырған байқауының аясында қолдау тапты. Байқау  аясында жалпы сомасы 150 000 АҚШ доллары болатын 8 жобаға қолдау көрсетілгенін айта кеткенім жөн болар. Бұл жоба қаланың кіші 10 музейінің қызметкерлері, сарапшыларының бірлесе жұмыс істеуі, жобаның ашықтығы және бюджетті тиімді пайдалану қандай тамаша нәтиже көрсете алуы мүмкін екендігін көрсетеді. Ендігі кезекте жобаның тұрақтылығы мен сапасы қала тұрғындарының белсенді қатысуына тікелей байланысты», – деп атап өтті Сорос-Қазақстан қоры Жастар бағдарламасының үйлестірушісі Сәуле Мамаева.

Бір апта бойы музейге келушілер музеймен етене танысып, дайындалған жолсілтемелердегі тапсырмаларды орындап, ерікті-гидтердің сүйемелдеуімен қала көшелерінің кеңістігімен танысып, музейден-музейге өтеді. Ниет білдіргендер музей ішіндегі шеберлік-сабағына немесе гид-өлкетанушы жүргізетін қала тарихынан сыр шертетін экскурсияға қатыса алады. Музейлердегі іс-шара бағдарламаларына қызығушылық танытқан келушілердің бір апта ішінде жолсілтемелерді алуға мүмкіндіктері бар.

Сіздерді мына мекен-жай бойынша күтеміз:РКМ «Ғылым ордасы», «Қысқы бақ»,

Құрманғазы к/сі 29

Ақпарат алу үшін:

Тел: +77772337490, +77021538080, +77054638001

Emailgaliaf2@yandex.kzlbeisek@gmail.com

Біз мұндамыз: https://www.facebook.com/almatymuseums

БАҒДАРЛАМАДА:

29    маусым сағ. 11.00 музейлерде жолсілтемелердің ашылуы.

13.00-15.00 РКМ «Ғылым Ордасы» «Қазақстан ғылымы тарихы музейінде»  «картоннан телефон жасау» шағырмашылық сабағы өтеді.

30 МАУСЫМ – 6 ШІЛДЕ:

Музейлерде интерактивті жолсілтеме ОЙЫНСАЯХАТЫ.

30 маусым, бейсенбі сағ. 10.00  «Н.Тілендиев мемориалды мұражайы».

1 шілде, жұма сағ. 10.00 – «С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражайы».

1 шілде, жұма сағ. 18.00 – «Төлебаев көшесімен серуен» өлкетанушы Ольга Сергиенкомен.

2 шілде, сенбі сағ. 10.00 – «Д.А.Қонаев мемориалды пәтер мұражайы».

4 шілде, дүйсенбі сағ. 10.00 – «Алматы қаласы тарихы мұражайы».

5 шілде, сейсенбі сағ. 10.00 – «Ыхлас ат. Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы»