30/09/2014
Адам құқықтары бойынша тереңдетілген курстың алғашқы шығарылымы
25/09/2014
Білім алу құқығы
09/10/2014

«Қамқор» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуға көмек көрсетеді

Ресми мәліметтерге сай, бүгінгі таңда Шығыс-Қазақстан облысында шамамен 30 000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген және оның 60% еңбекке қабілетті болып табылады.

«ҚР мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау» заңы 2005 жылдан бастап күшіне енді, осы заңға сай, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыс орнының ортақ санының 3% құрайтын жұмыс бөлімдері қарастырылуы тиіс. Дегенмен іс жүзінде бұл ережені барлық ұйымдар жүзеге асырмайды.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту жағдайын өзгерту бастамасы екі жақты мәнге ие болуы тиіс: бір жағынан бұл, жұмыс орындарын қамтамасыз ету, әлеуметтік тосқауылдарды жою, заң базасын жетілдіру арқылы мемлекеттің өз азаматтарының жұмыс істеу құқықтарын жүзеге асыруға дайын болуы, екіншіден, ерекше қажеттіліктері бар адамдар өздері  жұмыс жасауға ұмтылулары тиіс, себебі бұл өте маңызды», – дейді Сорос-Қазақстан Қорыны «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева.

Осы ретте мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, кәсіби ынталандыру бойынша оқыту тренингтерінің пилотты бастамасын жүзеге асырған  Шығыс Қазақстан облысының «Қамқор» мүгідектер қорының мысалын келтіруге болады.

Тренингтер сегіз апта бойы жүргізіліп, кәсіби көмекті қажет ететін 240 мүмкіндігі шектеулі адамды қамтыды. Оқытуды, әңгіме құру дағдыларын және психологиялық қолдау көрсетуді халықаралық бизнес-бапкерлер Светлана Большедворова (экономика магистрі) және Татьяна  Мишкина жүргізді. Олар әлеуметтік үрейдің психологиялық жағдайға әсер етуі, ой қызметінің өзгеруі, қатынас дағдыларын дамыту, қоғамнан жатсынушылықты тұтастай жою, басшылық қасиеттерді дамыту, мақсатты тұжырымдауға дағдылау, сонымен қатар коучинг арқылы жеке жауапкершілікті қалыптастыру тақырыптары бойынша дәріс жүргізді.

«Бұл тренингтер қиындықтарды жеңіп шығуға көмек көрсетеді және ауыр жағдайға тап болған кезде берілмеуге іштей рухтандырады. Өйткені әрбір адамның дәулеттілігімен табыстылығы оның өзіне ғана байланысты»,- дейді ұйым директоры Демьянов Владислав Геннадьевич.

Қазірдің өзінде тренингтер өз тиімділігін дәлелдеп келеді. Оларды жүргізу барысында 9 адам жұмысқа орналасып,  5 адам жаңа мамандық алу немесе өз біліктіліктерін көтеру мақсатында университеттер мен колледждерге оқуға түсті. Антонова Нина, II топ көз мүгедегі Петропавловск қаласындағы №12 орта мектепте кітапханашы болып жұмыс жасайды, БЦП диагнозы бар Сергей Харламов  колледжде дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша дәріс алып жүр. Сергейдің айтуынша «42 жасқа келген ересек адамның партаға қайта отырғаны қиын екен, көп нәрсені еске түсіру қажет, бірақ онсыз болмайды, бар күш-жігеріңді салып оқымасаң, жақсы маман болып жұмыс таба алмайсың».

Тренингтің нәтижелері бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істейтін мамандарға және өз өмірлік жолын табуда көмек көрсететін мүгідектерге арналған «Қоғамның әлеуметті осал топтарының кәсіби уәждемелері» атты әдістемелік материалдардың жинағы шықты.

Біз, бұдан әрі де жоба нәтижелерін бақылап отырамыз, және де осы аймақтық жоба Қазақстанның басқа өңірлеріне үлгі болып, оны мемлекеттік деңгейде жүзеге асырудағы бетке ұстар моделі болады деп сенеміз.