30/01/2020
Интернетте өзіңді қорғаудың 7 тәсілі
27/01/2020
Украинадағы үкімет дағдарысының ұтымды тұсы
05/02/2020

Давостағы тұлға өзгерді ме?

ДАВОС – Осы жылы Швейцарияның Давос қаласында әлемдегі бизнес және саясат майталмандарын бір ортаға біріктірген 50-ші Дүниежүзілік экономикалық форум өтті. Өзім алғаш қатысқан 1995 жылғы форумнан бері біраз дүние өзгерген. Ол уақытта жаһандану эйфориясы, бұрынғы коммунистік елдердің нарыққа өтуге ұмтылуы, жаңа технологиялар барлығына бірдей пайда әкелетін мүмкіндікке толы деген сенім бар еді. Аталған бағдардың басында үкіметпен бірлескен бизнес жүретін.

Климат, қоршаған орта және әлеуметтік теңсіздік дағдарысымен бетпе-бет келіп отырған бүгінгі әлемнің жайы мүлде бөлек. Facebook компаниясы бұрмаланған ақпарат пен саяси манипуляция платформасын қамтамасыз етуге дайын. Әрі демократияға төнер қауіпке қарамастан жеке бақылауға алынатын монополиялық қадағалаушы капитализмнің қатерін айқындап берді. Қаржы секторында ғана емес, жалпы корпорация басшылары адамгершілікке жат қылық танытты.

Одан бөлек, жан-жақты дипломатиялық қатынасқа да қауіп төніп тұр. Тарихи тұрғыда оның мықты жақтаушысы АҚШ саналатын. Алайда қазіргі таңда АҚШ әкімшілігі «Ең әуелі –Америка» ұстанымымен жұмыс істейді және бейбітшілік, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салаларына байланысты серіктестік қажеттілігі белгілі болғанына қарамастан жаһандық ынтымақтастыққа кедергі келтіруде.

Бұл жылғы форумда кірісі жоғары, үздік акционер фирма болып табылатын америкалық моделден түңілу нышаны байқалды. Жарты ғасыр бұрын ДЭФ-ның негізін қалаушы әрі төрағасы Клаус Шваб стейкхолдерлер капитализмін (мүдделі тараптардың капитализмі) қолдаған: кәсіпорындар өз клиенттері, жұмысшылары, қауымдастық пен қоршаған орта, сондай-ақ акционерлер үшін жауапты болуы керек деді. 45 жыл бұрын Сэнди Гроссман екеуіміз стандартты экономикалық құрылым негізінде акционерлердің құнын көтеру қоғамның әл-ауқатын арттырмайтынын дәлелдік. Бизнес көшбасшылары мен академик ғалымдар сөйлеген сөздерінде Милтон Фридманның акционерлік капитализм туралы табысты пропрогандалық жұмысы қазіргі уақытта бізді сан түрлі дағдарысқа әкеліп отырғанын атап өтті. Оның ішінде АҚШ-та опиоидты нашақорлық, балалар арасындағы қант диабеті, «торығудан өлу» салдарынан өмір сүру ұзақтығының қысқаруы және өздері отын тұтатқан саяси шиеленіс те бар.

Әлбетте, бағытымызды өзгертуді қажет тапсақ,  проблеманы түсіну өте маңызды. Сонымен қатар, қоғамдағы келеңсіздік акция құнының өсуіне ғана байланысты емес екенін ескергеніміз абзал. Мәселенің басы нарықтағы неолиберализмге шексіз сену мен негізі бизнесті қайта реттеу мен салықты азайтуға бағытталған саяси бағдарламалар болып табылатын үкіметтің күдікшілдігінде жатыр. Қырық жылдық тәжірибеден соң мұның барлығын сәтсіздік деп таныған дұрыс. Экономикалық өсім төмендеп, табыстың көп бөлігі жоғарыдағылардың қолында қалды. Аталған жағдай белгілі болса да, бизнес көшбасшыларының арасында өзара бірізді келісім жоқ.

Алғашқылардың бірі болып сөз бастаған АҚШ президенті Доналд Трампқа қошемет көрсетілгенімен, оны әлем көшбасшыларының ішіндегі ең әлжуазы деп таныдым, президентті ашық сынғандар аз болды. Мүмкін аудитория сынға толы твиттер постынан қорыққан болар немесе салықтың азаюынан пайдаға кенелген миллиардерлер мен үлкен корпорациялар ризашылықтарын білдірген шығар (АҚШ-тағы салық мөлшерлемесі орта деңгейдегі кейбір тұлғалар үшін 70% -ға өскен).

Танымдық диссонанс немесе әділетсіздік толықтай айқын көрініс тапты. Форумға қатысушылар климаттың өзгеруі туралы айтып, аталған мәселеге байланысты корпораяциялардың жауапкершілігін жариялау керек еді. Ал Трамптың бизнесті қайта реттеу ұсынысын қолдау жан басына шаққанда парниктік газдың көшбасшысы саналатын АҚШ-қа қоршаған ортаны одан сайын ластауға жол ашады.

Стейкхолдер капитализмі төңірегінде сөз көп болғанымен,  еңбек ақысындағы теңсіздікті қысқарту үшін бас директорлар мен жетекшілердің ақыларын төмендету немесе корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік: халықаралық салықтан жалтаруды шектеу арқылы салық үлесін әділ төлеу, дамушы елдердің салық түсімінің үлесін тең алуын қамтамасыз ету туралы ештеңе айтылмады.Осыдан кейін Reuters Breakingviews жаһандық редакторы Роб Кокс стейкхолдер капитализмі бас директорлардың жағдайын одан әрі жеңілдететін стратегияға айналады деп болжады. Егер корпорация басшылары межелі табыс түсіміне қол жеткізе алмаса, олар аса маңызды экологиялық, әлеуметтік, басқару саласындағы міндеттерге көңіл бөлдік деп кібіртіктеуі әбден мүмкін.

Кәсіподақ пен коллективті келісімдерді нығайту арқылы жұмысшылардың келісім күшін арттыратын реформа жайлы да талқыланбады. Еуропада мұндай реформалар жаңа Еуропалық коммисияның күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі, дегенмен форумда дискуссия тақырыбы ретінде қарастырылмады. PayPal сынды бірнеше америкалық компаниялар заң бойынша минималды жалақыдан асатын өмір сүруге жеткілікті жалақы төлеу міндеттемелерін түсінідірді.

Десе де, осы жылы Давосқа келген кейбір бизнес көшбасшылары, әсіресе Еуропа қатысушылары климаттың өзгеруіне байланысты шешім қабылдау туралы және жасалуға тиіс шараның ауқымын түсінген сыңайлы. Арасында шынымен айтулы жетістікке жеткендері де бар. Экология атын жамылып жүргендер (гринвошинг) әлі де кездеседі: энергия үнемдейтін шам туралы айтатын банктер көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын қаржыландырады. Бірақ жағдай өзгерді.

Бірнеше бизнес көшбасшылары экономикалық, әлеуметтік проблемаларамыздың өздігінен шешілмейтінін, көптеген кәсіпорындар әлеуметтік тұрғыда жұмыс істегенімен, тек табысты көздеу құлдырауға апаратынын түсінді. Алкогольсіз сусын өндіретін компания балаларда қант диабетін тудыратын тәтті сусындарды өндіруден бас тартса, өзінен нашар компаниядан ұтылып, жұмысы тоқтап қалуы мүмкін.

Қысқаша айтсақ, шексіз капитализм бүгінгі қоғам дағдарыстарының негізгі себебі саналады. Капитализм дағдарысты ығыстырып, қоғамға қызмет етуі қажет, бірақ оның қазіргі формасы бұған қауқарсыз. Капитализмнің жаңа түрі, өзім бұған дейін басқа жерлерде айтып келе жатқан прогрессивті капитализм керек. Ол үкімет, нарық және азаматтық қоғам арасындағы балансты сақтайды.

Давоста өткен бұл жылғы форум оң бағытқа қадам басты, бірақ көшбасшылардың сөзіне толық сену үшін бізге бірсыпыра дәлел қажет. Салық және қажетті мөлшерде жалақы төлейтін корпорациялар әуелі мемлекеттік нормаларды құрметтеп, насихаттай отырып біздің денсаулығымыз, қауіпсіздігіміз, жұмысшылар мен қоршаған ортаны қорғауы тиіс.

JOSEPH E. STIGLITZ

Joseph E. Stiglitz, a Nobel laureate in economics, is University Professor at Columbia University and Chief Economist at the Roosevelt Institute. His most recent book is People, Power, and Profits: Progressive Capitalism for an Age of Discontent.

© Project Syndicate 1995–2020