11. Сұранымдарды іріктеудің негізгі қағиадалары қандай?
Грант сұраным қаралатын уақытта Сорос-Қазақстан Қорымен сұранымдарды қабылдау тәртібі мен шарттарын өз бетінше анықтайтын, сонымен қатар олардың қаралу талаптары жүзеге асатын бастамалар мен бағдарламалар аясында беріледі. Бағдарламалар туралы толық ақпаратты мына жерден оқып біле аласыздар.
Гранттар Қордың бағдарламалары мен стратегияларының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес байқау аясында және байқаудан тыс беріледі. Грант сұранымдары СҚҚ байқаулық хабарландыруларда көрсетілген уақытта берілуі керек. Байқаудан тыс сұранымдар қарауға жыл бойы қабылдана береді.
Назар аударыңыздар! Қор бастамалары қор бағдарламаларынан нақты бекітілген қызмет жоспарының болуымен ерекшеленеді. Сондықтан қор алдын ала бастама директоры не үйлестірушісімен келісілмеген сұранымдарды қабылдамайды.
22. Сұранымдарды қабылдау кезінде Қор қызметкерлері көмек көрсетіп, кеңес бере алады ма?
Сорос-Қазақстан Қорының Бағдарламалық үйлестірушілері бағдарлама қызметі, сұранымдарды толтыру және жіберу процесі туралы ақпарат бере алады. Алайда жобаларды дайындау бойынша мамандандырылған сұрақтарға жауап бермейді.
33. Коммерциялық емес ұйымдар грантқа сұраным бере алады ма?
Иә, СҚҚ-ның грант туралы Ережесіне сәйкес, ондай ұйымдар грантқа сұраным бере алады.
44. Шетел ұйымдары/ сұраным берушілер СҚҚ-ның грантын ала алады ма?
Өзге елдердегі ұйымдар мен сұраным берушілер Қазақстан аумағында және/немесе Қазақстан азаматтарының мүддесіне әрекет ететін жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы негізде байқауға қатыса алады.
55. Грант алуға кім сұраным (өтінім) бере алады?
Сорос-Қазақстан қоры гранттарды жеке тұлғалар мен ұйымдарға қордың бағдарламалық бағыттарының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін бағдарламалар аясында және сұранымдар негізінде ғана береді. Қор жеке адамға медициналық көмек көрсету және коммерциялық жобаларды қаржыландыру туралы сұранымдарды қарастырмайды, сондай-ақ саяси партиялардың, кәсіподақ және діни ұйымдардың қызметіне, сайлауға қатысуға ниет еткен жеке тұлғаларға қаржылай қолдау көрсетпейді.
66. Қандай жағдайда жол жүру грантына сұраным бере аламын және сұранымды жіберу уақыты қандай?
СҚҚ ТЕК ӘЛЕУЕТТІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ бойынша Қазақстанда және шет елде өтетін шараларға (конференциялар, симпозиумдар, тренингтер, семинарлар, оқыту бағдарламалары, турлар және т.б.) қатысу үшін бағытталған тұлғалардың жол жүру шығындарын төлей алады. Барлық грант алуға ізденушілер сәйкесінше үлгідегі сұранымды, түйіндемені, ресми шақыруды, шара бағдарламасын, сонымен қатар, шарада сөз сөйлеу мақсаты қойылса, онда 2 (екі) беттен аспайтын баяндамасының тезистерін жіберуі керек.
Қордың жол жүру грантына сұранымдарды шет елде болатын шараның басталуына дейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен және Қазақстан мен ТМД елдері ішінде – 20 күнтізбелік күннен кем емес уақытта жіберу керек.
Назар аударыңыздар! Жол жүру гранттары тек қордың Бағдарламалары аясында бөлінеді, Бастамалар аясында жол жүру гранттарына сұранымдар қабылданбайды.
77. Сұранымды қай тілде толтыру керек?
Сұранымды орыс немесе қазақ тілінде толтырып жібере аласыз. Сұранымды қай тілде толтырып жіберетіндеріңізге қарамастан, ақпаратты орыс және қазақ тілінде беру талап етілген жолдарды толтыру міндетті болып табылады.
88. Сұранымды қандай түрде жіберу керек?
99. Жіберілетін файлдардың көлемі бойынша шектеулер бар ма?
Электрондық хабарламаның жалпы салмағы, тіркелген файлдармен қоса есептегенде 3 МБ-тан аспау керек. Егер салмағы бұдан көп болса, онда көптомды архив жасап, оны бірнеше хатта жіберген жөн.
1010. Мақұлданған сұранымның бюджетін өзгертуге болады ма?
Грант аясындағы барлық қаражат бекітілген бюджетке сәйкес шығындалуы тиіс. Бюджеттегі кез келген өзгертулер Қормен келісілуі керек; гранттың 10%-нан артық өзгерістер Жобаның орындалуына әсер етуі мүмкін, сондықтан барлық өзгерістер гранталушы мен СҚҚ-мен қол қойылатын жеке хаттамада көрсетілетін болады.