«Құпиялылығыңызды сақтауға деген құқығыңызды құрметтейміз» деп басталатын және 2000 сөзден құралған құпиялылық саясатын түсіндіретін парақшаға өтетініңізге сенімді болмасаңыз интернеттен шығып кетесіз бе? Керісінше «Бәрі түсінікті, рахмет» деген нүктені басып қойып, ары қарай интернетте отыра беретініңіз айдан анық. Шын мәнінде «құпиялылық» деген не деген сауалға ешкім бас қатырып жатпайды. Қауіп төне және құри бастаған құпиялылық саясаты күннен-күнге белгісіз болудан қалғаны да түсінікті. Құпиялылық саясатын күнде бақылап отырмасақ та, оған қауіп төнгені анық байқалады.
Қалаңыздың ақылды бола түскені сонша, сіз туралы бәрін де біледі
Қалада тұрсаңыз, оның «ақылды қалаға айналғанын» байқайсыз немесе «ақылды қала» болуға ұмтылуы мүмкін. Бұл бағдаршамдар мен қоқыс жәшігіне дейін орнатылған құрылғыларды, мобильді телефондар мен мәліметтерді сараптай білетін, энергетикалық, коммуналдық, көлік инфрақұрылымдары өзін-өзі реттейтін тиімдірек жүйелерге айнала алады деген идеяға негізделген ғаламат, бірақ бұлыңғыр тұжырым. Ақылды қала баршаға: қоғамдық орындарда жүрген, тілдескен сәттерімізде біз туралы мәліметтер жинайтын муниципиалды мекемелерден бастап цифрлы стартаптарға дейін түгел қолжетімді сияқты. Мысалы, Cityware жобасы Facebook-тегі жазбалары мен смартфондарындағы Bluetooth-дары арқылы 30 000 адамдың физикалық байланысын қадағалай алады.
Ақылды қалалар 2020 жылдарға қарай 760 миллиардқа жуық долларды айналымда ұстайтын базарға айналмақ. Бұл жерде нақты бір мәліметтерді сақтау мен оны бағамдау мәселесі жоққа тән. Сондықтан да әртүрлі қатысушы санының көптігінен мәліметтердің сыртқа шығып кететінін болжау қиын емес. Бұл өте жағымсыз, бұлыңғыр ықпал болып көрінуі мүмкін. Мысалы, егер әйел баласы әйелдер консультациясына барып жүрсе және онысын өзгелер білмегенін қаласа, ал оның барған жерлерінің мәліметі әлдекімдерге белгілі болса, әйелдің абыройы төгіліп, оның соңы жақсылыққа апармайды.
Тегін Wi-Fi деген ұғым жоқ
Тегін Wi-Fi бар деп бір шыныаяқ кофе ішуге шақырса, желіге кірген кездегі сіздің әрбір әрекетіңіз қорғалмайтынын түсінуіңіз керек. Әсіресе, интернетке кіру үшін құпиясөз енгізу қажет емес Wi-Fi желісіне кірсеңіз, қауіп екі есе артты деген сөз. Мұндай қорғалмаған желілерде киберқылмыскерлер сіздің не істейтініңізді естуі, көруі, бақылауы оңайлайды. Оған қоса, Wi-Fi нүктелерінің «алаяқтық» мүмкіндігі туралы да ұмытпағаныңыз жөн. Олар сіз дәл сол сәтте отырған кофеханадағы Wi-Fi-ға түк қатысы жоқ болса да, соған ұқсас атауды әдейі пайдаланып, сізді өз желісіне кіргізіп алуы мүмкін. Сондықтан, Stirbucks_Wi-Fi-ына қосылар сәтте өте мұқият болыңыз.
Полицияның бақылау жүйесі
Киберқылмыскерлер мен күмәнді компаниялардан ғана қауіптенбеуіміз керек. Эдуард Сноуден сияқты шындықтың күрескерлері көрсеткендей, полиция бұқаралық бақылау бағдарламалары арқылы жеке өмірімізге қол сұғатын технологиялардың әр түрін қолданады. Өзімізбен бірге алып жүретін, бет-жүзімізді анықтай алатын технологиялар мен камераларды қолдану арқылы өзгеден әлденені жасыруымыздың өзі мұң болып қалмақ.
Әлеуметтік желіде сізді кім аңдып отыр?
Полиция жеке өміріңізге қол сұқпайды деп алаңдамаған күннің өзінде, олар әлеуметтік желіңіздегі хабарламаларыңызды оқып отырса, қалай қарайсыз? Оған қоса, суреттеріңіз арқылы, жоғарыда мысалға алған бет-жүзіңізді анықтайтын технологияны пайдаланатынын да ұмытпаңыз. Полция қызметі қауымдастығы әзірлеген нұсқаулықта 2011 жылғы гидрожарылысқа қарсы наразылық кезінде тәртіп сақтау үшін былай деген: «Кез келген […] барлау операциялары үшін әлеуметтік желі өте маңызды». Британ үкіметінің басшылары 2013 жылы борсықтарды жаппай атуға қарсы қоғамдық демонстрацияға қатысты әлеуметтік желілердегі хабарламаларды қадағалаған.
Әлеуметтік желідегі мәліметтеріңіз жалпыға қолжетімді болған күннің өзінде, Facebook-тегі жеке мәліметтеріңіз полция үшін беті ашық қалған кітаптай болғанын дұрыс деп есептейсіз бе? Бір мысал келтірейік. Адамдары ығы-жығы қала орталығында қыдырыстап жүріп, не болмаса өз жұмыстарыңызбен айналысып, ешқандай күмәнді әрекет жасамасаңыз, қайда барсаңыз да соңыңыздан полиция бақылап жүрсе қандай күйде болар едіңіз? Ондай кезде өзіңізді қауіпсіз сезінесіз бе? Үрейленбейсіз бе? Көпшілік арасына шыққан сәтте жеке басыңыздың құпиялылығына қол сұқпау құқығынан айрылсаңыз не істейсіз?
Гидрожарылыс немесе борсықтар туралы жеке пікіріңізді айтқандықтан ғана әлеуметтік желідегі хабарламаларыңыз бен суреттеріңіз мұқият тексеріліп отыратыны сондықтан. Бұған қарсылық таныту керек. Ұлыбританияның бақылау жөніндегі бас комиссары 2015 жылы былай деген еді: «Бұл мәліметтер құпия болмаған күннің өзінде, оны аңдуға болады деген сөз емес қой».
Жабық есік ішінде
Жарайды, кофеханаға ендігәрі бас сұқпадыңыз делік, әлеуметтік желілердегі тіркеу мәлеметтеріңізді өшіріп тастаңыз, тіпті қоғамдық орындарға да ешқашан бармай-ақ қойыңыз. Сонда үйіңізден шықпай отырсаңыз ғана жеке бас құпиялылығыңызды сақтай алмақсыз ба? Қателестіңіз. Заманауи құрылғылар әрбір жерде орнатылғаны сияқты, сіздің үйіңізде де толып тұр. «Интернет заттары» (IoT) технологиясы «Триффидтер күнінің» кибер-нұсқасы сияқты. Тіпті интернетке қосылған құрылғылар, Smart TV теледидарларынан бастап, ақылды өлшеу жүйелеріне дейін мысал келтіруге беруге болады. Siri мен Alexa сияқты, HAL-9000-ге ұқсас виртуалды көмекшілерді ауызға алмай-ақ қоялық. Мұның барлығы көңіліңізді түсіреді.
IoT құрылғысы автоматты, тиімді және ыңғайлы-ақ шығар. Оған қоса, өндірушілердің, сондай-ақ мемлекеттің бақылауына мүмкіндік беретінін, біз туралы жан-жақты, ашық және жеке мәліметтерді құрастыратынын да ұмытпаған абзал.
Мәселен, ақылды өлшеу жүйелері жоғарғы жиілікті энергияны пайдалану мәліметтерін әрбір бес, он бес және отыз минут сайын жинайды. Ақпараттың мұндай толық деңгейі арқылы үйдегі электрді қанша уақыт және қашан пайдаланатынын анықтап, адамның өмір салты мен тұрмыстағы құпия мәліметтерін біліп алуға болады. Тіпті оның жеке мінездемесін жасауға да толық мүмкіндік бар. Британиялық Onzo сараптамалық компаниясы былай деп мақтанған еді: «ақылды есептегіш өлшеулері және құрылғылар арқылы энергияны тұтыну мәліметтерін жинаймыз да оны сараптап, әрбір тұтынушының жеке-дара бейнесін жасаймыз».
Интернет заттарының ақыры неге апарып соғатынын толық біліп болмасақ та, олар күнделікті өмірімізді экожүйеден де үлкен ауқымда біріктіріп отыр. Демек 2018 жылдағы құпиялылық идеясының түкке де жарамағаны ма?
Компаниялар мен үкімет біздің солай ойланынымызды қалайды. Заманауи цифрлы желілік қауымдастыққа енудің ақысы ретінде біз өз мәліметтерімізді өз еркімізбен ұсынғанымыз жөн. Алайда, Марк Цукербергтің сөзіне сенсек, адамдар кең цифрлы желінің түйіні болғысы келмейді. Үйімізге оралып, есігімізді тарс құлыптап алмас бұрын, қаланың кең көшесінде қыдырыстап бара жатып та, бір шыныаяқ кофе ішкенде де, тіпті Facebook-қа суретімізді салғанда да, жеке құпиямызды сақтауға құқығымыз бар екенін ұмытпайық.