23/04/2014
Алматыда «Толеранттылық» тақырыбына арналған карикатура көрмесінің ашылуы өтеді
18/04/2014
Мемлекетпен кепілдендірілген дәрілік құралдар қазақстандықтар үшін қолжетімді ме?
29/04/2014

Бірінші Жалпыреспубликалық Жемқорлыққа қарсы мектебінің ашылу рәсімі өтеді.

2014 жылдың 23-сәуірінде күнделікті өмірде қалайша жемқорлықсыз өмір сүруге болатыны жайлы хабардар болғысы келген студенттерге, азаматтық қоғам өкілдеріне, журналистер мен барша қауымға арналған Бірінші Жалпыреспубликалық Жемқорлыққа қарсы мектебінің ашылу рәсімі өтеді.

«Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қоры  Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы), Қаржы полициясы Академиясы, «Тұран»Университеті, ҚР Жоғарғы оқу орындарының Ассоциациясы, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының жемқорлыққа жол бермеудің Қоғамдық кеңесі, «Қазақстан Темiр Жолы» Республикалық мемлекеттік ұйымы бірлесе отырып, Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен бірден-бір жаңашыл түрдегі бағдарлама – тыңдаушыларға жемқорлыққа қарсы қолданбалы әдістер мен оларды жүзеге асырудың бірыңғай кеңестерін ұсынады.

Жемқорлыққа қарсы мектеп өз алдына жемқорлыққа қарсы теория мен тәжерибенің ілгері дамуын көздейді. Жеті күн аралығында, мектеп тыңдаушылары жемқорлыққа жол бермеу мәселесінің білікті мамандарымен: Қазақстан мемлекеттік органдары өкілдері, бизнесмендер, ғалымдар, ортақ жұмыс істеу мүмкіншілігін иеленеді, жемқорлыққа қалайша тиімді төтеп беру жайлы нақты мысалдарды қарастырады. Жемқорлыққа қарсы мектептің бағдарламасы теория мен тәжерибелік курстарды қамтитын: жемқорлықты зерттеу, мемлекеттік сала, жеке бизнес саласы мен жемқорлыққа жол бермеудегі азаматтық қатысу сынды төрт модульдан тұрады.

Жобаны ұйымдастырушылар жемқорлықтың өміріміздегі мәдениет пен болмысымыздың бір бөлігі, бизнесті іске асыруда бірден-бір айырылмайтын бөлігі дейтін көзқарасқа, қарапайым адамдар жемқорлыққа төтеп бере алмайтыны жайлы тезистерді жоққа шығарады. Жемқорлық – екі бағыттағы қозғалыс көшесі, параны алушы мен параны берушілер де өз істері үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Тел. +7 (727) 390 06 09

Emailtikazakhstan@mail.ru