Қызылорда қ., 2014 ж. 27 маусым – «Халықаралық Құқықтық Бастама» Қоғамдық Қоры Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүзеге асыратын адам құқықтарын насихаттаужобасы аясында Атырау қаласында «Адам құқықтарымен таныстыру» ашық лекциясын өткізеді.
Лекция адам құқықтары туралы білгісі келетін жастарға, үкіметтік емес ұйым қызметкерлеріне, құқық қорғаушыларға, журналистерге, азаматтық қоғам белсенділеріне арналған. Оның барысында Алматыдан келген тәжірибелі құқық қорғаушы Айна Шорманбаева және ғалым, заң ғылымдарының кандидаты Қызғалдақ Байжанова тыңдаушыларға адам құқықтарының адамның қадір-қасиетіне негізделетінін, қандай қарым‑қатыстардан туындайтынын, адам құқықтары концепциясы мен фәлсафасы, адам құқықтарының түрлері, пайда болу тарихы туралы, оның ішінде адам құқықтары мен қазақ әдет‑ғұрып құқығының байланысы туралы баяндайды. Лекцияға белсенді қатысқан тыңдаушылар адам құқықтары бойынша азаматтық мектебіне жіберіледі деп жоспарлануда.
«Халықаралық Құқықтық Бастама» Қоғамдық Қоры 2010 ж. бастап адам құқықтарын қорғаумен және адам құқықтары туралы білім таратумен айналысады. Қордың мақсаты қатысушыларды ҚР Конституциясы мен адам құқықтары туралы ратификацияланған халықаралық пактілерінде бекітілген өздерінің негізгі құқықтарын білу және оларды қорғауға үйрету арқылы адам құқықтарының сақталуын жетілдіру.
Ашық лекция Қоғамдық палата мәжіліс залында өтті (Қызылорда қаласы, 3-і ірілендірілген квартал, тел. (7242) 261079). Жұмыс тілі – қазақ тілі.
Қосымша ақпарат алу үшін жоба Жетекшісі Айна Шорманбаеваға мына телефондар бойынша хабарласыңыз: +8 (727) 258-16-69, 8 777 2679387, электрондық мекен-жай: ashormanbayeva@mail.ru