18/02/2014
Атырау қаласында бюджет процесіне қоғамның қатысуы және мониторинг, бағалау мәселелері бойынша тренинг өтеді
12/02/2014
Алматыда «Толеранттылық» тақырыбына арналған карикатура көрмесінің ашылуы өтеді
18/04/2014

Сарапшылар «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының 1-ші кезеңінің іске асырылу тиімділігіне баға беріп, онкологиялық аурулардың алдын алу мен емделуіне кететін мемлекеттік шығындарды бағалады

Алматы,  18 ақпан 2014 ж. – Сарапшылар «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының 1-ші кезеңінің іске асырылу тиімділігіне баға беріп, онкологиялық аурулардың алдын алу мен емделуіне кететін мемлекеттік шығындарды бағалады. Мониторингтік жобалар «Мемлекеттік қаржылардың ашықтығы» бағдарламасы негізінде 2013 жылы Сорос-Қазақстан Қорының (СҚҚ) қолдауымен өтті. Оларды «Стратегия» саяси зерттеулер орталығы (Алматы қ.) және «Десента» Қоғамдық қоры (Павлодар қ.) іске асырды.

Қазақстан Республикасының 2011-2015 жж. арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау Мемлекеттік даму бағдарламасы бақылау жобасы Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға, елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамассыз ету мақсатына бағытталған.

«Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші дерлік (47,7%) қатысушы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы жақсы ойластырылған, бірақ жергілікті деңгейде атқарылуы нашар деп санайды, – дейді Гүлмира Илеуова, «Стратегия» ҚСЗО ҚҚ президенті. «Тұрғындардың айтуынша, Бағдарламаның сәтті орындалуына кедергі жасайтын 5 негізгі «тосқауыл» бар, олар: денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық; медицина мамандарының тапшылығы; халықтың отандық денсаулық сақтау жүйесіне сенімсіздігі; Бағдарламаның орындалуына бақылаудың болмауы; және халықтың өз денсаулығына бейғам қарауы».

«Саламатты Қазақстан» Бағдарламасы бес іс-шараны құрайды. Оның ішінде, сондай-ақ, онкологиялық аурулардың проблемаларын шешуге бағытталған шаралар бар. Бұл шараларды жүзеге асыруға 17,7 млрд. теңге жұмсалған, ол – Бағдарламаның 23,6%-ына тең. Онкологиялық аурулардың алдын алу мен емдеуге жұмсалатын мемлекеттік бюджет шығындарының тиімділігін бақылау Павлодар, Солтүстік-Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында өткізілді: ресми статистикаға жүгінетін болсақ, осы өңірдегі онкологиялық аурулар деңгейі ел бойынша ең жоғары дәрежеде.

«Қазақстан халыққа онкологиялық көмекті толықтай бюджет есебінен қамтамасыз ететін бірегей елдердің қатарында. Сонда да, бұл салада шешілмеген проблемалар жеткілікті. Мысалы: мамандардың тапшылығы – аудандық онкологтардың тек 48% (126 маман) негізгі жұмысшылар болып табылады, ал қалған дәрігерлер – қосымша жұмыс істейтін басқа бағыттағы мамандар; онкологиялық ауруларға арнайы төсек орындары – қажетті төсек саны 4130 болса, 2012 жылға олардың саны 2996 болды; хоспистердің жеткіліксіз болуы – елдегі тұрғындардың тек 5%-ы хоспис қызметінің аясында, паллиативтік көмеккке қол жеткізе алады»,- дейді Сергей Гуляев, «Десента» СҚҚ бас директоры.   

Сорос-Қазақстан қоры 5 жыл көлемінде түрлі мемлекеттік бағдарламаларды орындаудағы ашықтық пен есептіліктің жоғары деңгейде өтуіне бағытталған жобаларды қолдап келеді. «Мұндай бақылау – республикалық деңгейде мемлекеттік бағдарламалардың қаншалықты деңгейде тиімді тиімді орындалып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретін құрал. Бірақ, халық осы нәтижелерді облыстарда, аудандарда, ауылдарда өмірді жақсартуға пайдаланса игі еді»,- деп тұжырымдады Анна Ян, «Ашықтық пен есептемелер» бағдарламасының координаторы СҚҚ.

Зерттеулердің нәтижесі бойынша (зерттеулердің толық нұсқасы www.soros.kz СҚҚ сайтында көрсетілген), Үкіметке, жергілікті атқарушы органдар мен өкілетті органдарға, басқа да азаматтық ұйымдардың өкілдеріне, халықаралық ұйымдарға жолданған ақыл-кеңестер әзірленді.