11/12/2015
Ашық үкіметке қадам: «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң
25/11/2015
Астанада «Терроризмге қарсы күрес» тақырыбы бойынша Халықаралық жастар форумы өтеді.
11/12/2015

Азаматтардың қатысуын ілгерілету бағытында: Қазақстанда әлеуметтік аудитті ендіру

Астана, 11 желтоқсан2015 ж. – Сорос-Қазақстан Қоры ҚР ұлттық экономика министрлігімен серіктестікте «Әлеуметтік аудит тиімді қоғамдық қатысудың тетігі» атты конференция өткізеді.

Конференция мақсаты – жергілікті жерлерде мемлекеттік басқарудың  неғұрлым ашық және тиімді жүргізілу мәселелерін талқылау. Сондай-ақ, конференцияда Атырау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы әлеуметтік аудит бойынша жобалардың нәтижелері ұсынылады.

Әлеуметтік аудит тетігі мемлекеттік органдар, мердігерлер мен тұрғындар арасындағы диалогтың құрылуына арқау болмақ. Өз кезегінде бұл мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жергілікті халықтың қажеттіліктеріне назар аударуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жергілікті деңгейде ашықтық және есеп беруді қамтамасыз етеді.

«Әлеуметтік аудит мемлекеттік қаражаттың пайдалану сапасын бағалау үшін пайдалы құрал болып табылады», – дейді Сорос-Қазақстан Қорының төрағасы Антон Артемьев. «Әлеуметтік аудит бюджеттік қаражатты пайдалану тиімділігін бағалау процесі ретінде, мемлекетке де, халыққа да  өзара маңызды. Азаматтар әлеуметтік аудит жүргізуге тiкелей қатысу арқылы, оларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер ету мүмкіндігі туады, осылайша олардың жауапкершілігін және шешім қабылдау үдерісіне қатыстылығын арттырады».

Тиімді есеп беру механизмдерін және өз қауымдастықтарының көкейкесті проблемаларын ортаға салуда  халықты  белсенді тарту жөнінде талқылауға қатысу үшін белгілі қазақстандық және халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, соның ішінде,  министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды. Конференция аясында қабылданған ұсыныстар, азаматтардың жергілікті деңгейде шешім қабылдауына мүмкіндіктерін кеңейту үшін Қазақстанда әлеуметтік аудиттің кеңінен енуіне септігін тигізеді.

Қосымша мәлімет үшін келесі мамандарға хабарласыңыздар:

Айнель Қайназарова, қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестіруші, ұ/т.: +7 777 244 7763;

Асқар Көшкінбаев, «Жергілікті бюджет» бастамасының үйлестірушісі,

ұ/т: +7 777 230 2284, lbi@soros.kz