Аталмыш байқау 2013 жылдың соңында 18-29 жас аралығындағы кәсіби және әуесқой суретшілер мен карикатуристерінің арасында жарияланған болатын. Байқауға барлығы 22 сұраным келіп түсті, олардың 12-сі екінші турға өтті.
«Бұл байқау көпшіліктің назарын бір жағынан Қазақстанда кеңінен таралмаған карикатура өнеріне, екінші жағынан қоғам үшін маңызды болып табылатын толеранттылық тақырыбына аудартуды көздеді. Байқау қатысушыларына қоғамның толеранттылық мәселесіне деген көзқарасын білдіріп, өздерінің ойларын қазылар алқасы мен жұртшылыққа карикатура формасында жеткізу міндеті жүктелген еді.»,- дейді Сорос-Қазақстан қорының жастарға арналған бағдарламалар үйлестірушісі Сәуле Мамаева.
Байқауға салу техникасы мен толеранттылық тақырыбының мазмұны, оны түсіну жолы тұрғысынан алуан түрлі суреттер келіп түсті.Жартылай финалистер үшін Германиядан келген белгілі суретші Мавилдің (Mawil) мен француз Николя Журнудың мастер-класы ұйымдастырылды. Мастер-класқа қатысушылар карикатура салудың техникасына дағдыланып, өздерінің жаңа жұмыстарына қатысты идеяларын дамытты.Қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау жеңілге соқпады. Нәтижесінде 3 бірінші және 2 екінші орын беру шешімі қабылданды. Альфия Постол (Астана), Мария Редкина (Астана) және Рахымжан Талиев (Алматы) 180 000 теңге көлеміндегі бірінші орын сертификаттарын иемденсе, Аслан Теміров (Астана) және Айсұлу Шайкенова (Көкшетау) 90 000 теңге көлеміндегі екінші орын сертификаттарымен марапатталды.
Көрме 10 күнге созылады, келем деушілерге есік ашық. Көрме қатысушылары көрермен көзайымына айналған суретті таңдауға атсалыса алады. Жұмыс авторы арнайы сыйлықпен марапатталады.