21/10/2014
«Қазақстанның кен қазушы өңірлерінің халқын өндіруші өнеркәсіптер қызметінің ашықтық бастамасына белсенді қатысуын қамтамасыз ету қажет»
15/10/2014
Алматыда белсенді жастар қоғамдық бастамаларды, бизнесті, интернет және өнерді тақылау үшін бас қосады
25/10/2014

Алматыда тұрғын үйлерінің кіреберістерінде тағы да 25 пандус орнатылды

«Жолың болсын, балақай! -В добрый путь малыш!» жобасы бойынша Алматы қаласы тұрғын үйлерінің кіреберістерінде жиылмалы пандустардың екінші орнатылымы жүргізілді. Енді Жетісу 2, Мамыр 4, Таугул ықшам аудандарының тұрғындары арбамен сыртқа кіріп-шығуларына тағы да 25 пандус көмек болады. Бұл кезекте, пандустардың қондырғысы, жас өспірімдерге арналған бастамаларды біраз жылдар бойы қаржыландырып келе жатқан Сорос-Қазақстан қорының көмегімен жүзеге асырылды.

«Бұрын сыртқа шыққанда менің электрлі мүгедектер арбасын баспалдақтармен көтеріп түсіру менің жанұя мүшелеріме көп күш жұмсауды қажет ететін. Әрине, пандус орнатылғаннан кейін күш жұмсау толығымен жойылған жоқ, бірақ әлдеқайда жеңілдеді», – дейді Таугүл ықшам ауданының тұрғыны, I топтағы мүгедек Фарида Байдулова. «Біздің мәселені шешетін адамдардың ортамызда  бар екенін сезіну қандай ғажап. Осындай адамдар қоршаған өмірді өзгертеді. Ғажайып пен мейірімділіктің бар екеніне сене бастайсың».

«Жолың болсын, балақай!-В добрый путь малыш!» жобасының көмегімен біз Алдияр ұлым екеуіміз тәуелсіз бола бастадық, әкеміз қашан жұмыстан келіп, арбамызды сыртқа шығарып береді деп отырмай, өзіміз шығып серуендейміз, дүкендерден сауда жасаймыз», – дейді, кіреберісіде темір көмекші пайда болған  Мамыр 4 ықшам ауданының тұрғыны Гүлжамал Исаева.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үйлеріне балалар және  мүгедек адамдардың арбасымен кіріп-шығуына жеңілдік беретін жобаның негізін Қасымов Тұрғанжан 2014 жылы салды. Бұл жобаны іске асыру туралы ой Тұрғанжанға, әке болып, балалар арбасымен үйге кіріп-шығу мәселесі туындаған кезде келді. Тар және дұрыс жарық түспейтін кіреберістерде арбаны көтеріп жүру жұбайына да, жобаны ұйымдастырушының өзіне де ауыр болды. Және де осындай жағдайға көптеген жас ата-аналар тап болып жүргендерін тусіне отырып, Тұрғанжан осы мәселені шешу қажеттігін және оның мүмкін екендігін түсінді.

Бұл проблеманың шешімі – жиылмалы пандустарды орнату болды. Осындай орнатулар Ресейде ұқсас мәселелерді шешу үшін кеңінен қолданылады. Яғни, бұл жүйе тәжірибеден өткізілгені және тиімділігі дәлелденген.

Қазіргі уақытта Сорос-Қазақстан қоры, Теле 2 және Samsung Electronics компанияларының қолдауымен оңтүстік астанада 45 пандус орнатылған. Жыл аяғына дейін тағы да 35 пандус, ал 2015 ж 200 пандус орнату жоспарлануда. Және де айта кететін жайт, келесі жылы, тұрғын үйлерден бөлек, тұрақты пандустардың орнатылуы қоғамдық орындарда жоспарлануда. Негізінде пандустарды орнату туралы шешім тұрғындардың сұраныстары бойынша қабылданады.

«Мен қала тұрғындарын пандусты қолдану ережелерін мұқият оқып, және мүгедек арбасымен өз бетімен түспеуді сұраймын. Жарақат алмау мақсатында, пандуспен түсу және көтерілу барысында міндетті түрде көмекші болуы тиіс» – деп ұсынады Қасымов Тұрғанжан.

Сондықтан біздің тілшілерге жобаға ақпараттық көмек беру туралы өте үлкен өтінішіміз бар. Ақпарат арқылы Алматының, кейіннен Қазақстанның тұрғындарының көпшілігін үйлері мен қоғамдық орындарда еркін жүру мүмкіндігін қамтамасыз ете аламыз.