Алматы, 2013 ж. 23-27 қыркүйек – «Жiгер» мүмкіндігі шектеулі жастардың ұйымы» Қоғамдық қоры Сорос-Қазақстан қоры, «Accells» халықаралық білім беру бойынша Америкалық кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, «Инаят» қоғамдық ұйымдар қауымдастығы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық Кітапхананың, Алматы қ. жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Алматы қ. мәдениет басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмысқа орналасу, адвокация, әлеуетті арттыру және ақпаратқа және инфрақұрылымға қолжеткізу бойынша семинарлар мен тренингтердің легін өткізеді. Семинарды көз ауруына байланысты мүгедектігі бар АҚШ пен Қазақстаның халықаралық сарапшылары жүргізеді.
Ресми деректерге сәйкес бүгінде республика бойынша мүмкіндігі шектеулі шамамен 570 мың адам тіркелген, олардың тек 17 мыңының ғана тұрақты жұмысы бар. ҚР 2005 жылдан бері жалпы жұмыс орнының үш пайызы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмыс орны бойынша квота қарастырылған «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заң әрекет етеді. Десек те бүгінде бұл квотаны іс жүзінде өте аз ұйымдар мен мекемелер орындауда.
«Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар әлі күнге дейін көптеген мәселелерге тап болып отыр: қарапайым бірақ әлі күнге дейін көкейтесті болып табылатын көлік және коммуникация мәселелерінен бастап сапалы және қолжетімді ем, білімге қолжетімділік және, әрине, жұмысқа орналастыруға дейінгі мәселелерге дейін бар», – дейді ұйым президенті Пархат Юсупджанов. «Біздің ұйым бес жыл бойы ерекше қажеттіліктері бар жастарды қоғамға ендіру мәселелерімен айналысып келеді. Біз қоғамға толыққанды енудің алғышарттарының бірі жұмысқа орналасу екендігін бәрінен артық білеміз. Жұмыс табыс табу көзі ғана емес, сонымен қатар әлеуетіңді арттыру көзі болып табылады».
Алматы қаласында 23 қыкұйек күні Зағип және Нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхананың оқу залында (Бөгенбей батыр көшесі 214, Мұратбаев қиылысы), 25-26 қыркүйекте Қарғалы пансионатының конференц-залында (Саин көш. 184 Г) және 27 кыркүйекте Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында өтетін семинарлар мен тренингтерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 20-35 жас аралығындағы 30 адам, сонымен қатар жеке және мемлекеттік саладан 20 әлеуетті жұмыс беруші және мемлекеттік құрылымдарынан 10 өкіл қатысады.
Қосымша ақпарат үшін Әбдікәрім Бағлантқа 8 (727) 292 06 18, 8 771 401 46 91, 8 747 429 47 09 телефондары бойынша немесе Юсупджанов Пархатқа 8 705 531 84 85 телефоны бойынша хабарласа аласыздар.