23/02/2012
Медиктерге дәрілік нысандаманың кел- аспаптары ұсынды
01/02/2012
Сорос-Қазақстан Қорының Анна Александрова атындағы гранттық байқауының қорытындысы
13/12/2012

ӨӨАБ халықаралық басқармасы Қазақстанның үміткер-елдің мәртебесін 2013 жылдың 15 тамызына дейін ұзартуда

СоросҚазақстан Қорының Өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасы (ӨӨАБХалықаралық басқармасының Қазақстан Республикасына қатысты үміткерелдің мәртебесінің мерзімін ұзарту туралы шешімі бойынша мәлімдемесі.

2012 ж. 23 ақпаны– Сорос-Қазақстан Қоры Өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасы (ӨӨАБ) Халықаралық басқармасының Қазақстан Республикасы үшін үміткер-елдің мәртебесінің мерзімін 18 айға – 2013 жылдың 15 тамызына дейін ұзарту туралы шешімін қолдайды.

2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің Өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасына қосылғаны туралы мәлімдеді және Қазақстанның Бастаманың ұстанымдары мен ережелерін қолдайтынын көрсетті.

Қазақстанның ӨӨАБ-ға қосылған сәтінен бері 7 жыл ішінде ҚР Үкіметі, өндіруші компаниялар және азаматтық қоғам ұйымдары Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесіне (МТҰК) бірігумен көптараптық диалогты ұйымдастыру мен өндіруші компаниялардың мемлекетке төлемдері туралы есептілігін жариялауда елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

2011 жылдың ортасында ӨӨАБ-ны жүзеге асыру процесі күрт баяулады. Өкінішке орай, былтырғы жылдың соңында жіберіп алған уақыт мүдделі тараптарға осы бастаманың талаптарына сай болуына тәуелсіз баға беру процесін сәтті түрде аяқтауға мүмкіндік бермеді.

Сорос-ҚазақстанҚоры барлық мүдделі тараптар белсенді және келісілген түрде жұмыс істеген жағдайда Қазақстан талаптардың барлығы 2013 жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде жедел орындап және ӨӨАБ-ның барлық стандарттарына сай келетін елдің мәртебесіне ие болады деген сенімде. Олай етпеген жағдайда Қазақстан халықаралық бастаманың құрамынан шығарылуы мүмкін.

ӨӨАБ-ның ұстанымдарына сүйену азаматтардың мемлекет органдарына деген сенімін нығайтады, табиғи ресурстарға бай елдерде табысты басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, іскерлік климатқа жағымды әсерін тигізеді және азаматтардың қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қатынау құқығын жүзеге асырады.

Сорос-ҚазақстанҚоры бұдан арғы уақытта да Қазақстан Республикасында ӨӨАБ-ны жүзеге асыру процесіне жан-жақты көмек көрсетіп отырмақ.