10/03/2020
Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне арналған стресс-тест
09/03/2020
БҚО Ақжайық ауданында жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға бөлінген қаржының тиімділігі
10/03/2020

Атырау өңірінде масамен күреске бөлінетін қаржының тиімділігі

Әйгерім Досқалиева Сорос-Қазақстан қорының “Ашықтық және есептілік” бағдарламасының Open Budget Fellowship жобасының түлегі. Жоба барысында ол “Атырау өңірінде масамен күреске бөлінетін қаржының тиімділігі” жұмысын дайндады.

Атырау облысының қазіргі таңдағы шешуін таппай отырған, өзекті мәселелерінің бірі: яғни масалардың көбеюі. Олармен күресудің бір жолы бар. Бұл – маса улау процесі. Күндіз аптап ыстықтан бас сауғалап, тұрғын үйлердің жертөлелерін, шөптің арасы мен шалшық суларды паналайтын қансорғыштарға қарсы күрес осылай жүргізіледі. Бірақ, бұдан олардың саны азаяр емес. Осы зерттеу жұмысы арқылы облыстағы ушығып тұрған мәселе – масамен күрес жағдайымен тереңінен танысып, қазіргі жағдайға сараптама жасап, мәселенің себебін анықтап, оны шешу жолдары бойынша ұсыныстар жасақтау жоспарланған.

Жұмыстың толық нұсқасымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар.


Прикрепленные файлы