10/07/2014
«Адам құқықтарымен таныстыру» ашық лекциясы өтті
27/06/2014
ОҚО Сайрам ауданында 100-ден астам еріктілер білім алды
29/09/2014

Қазақстанда БАҚ саласындағы білім беру бойынша бірегей жоба басталады

Қазақстанда тұңғыш рет The New York Time, USA Today, CNN, The Huffington Post, Pro Publica медиа-кәсіпқойлары Миссури штаты университетінің Журналистика метебі және Джорджия штаты университетінің Грэди атындағы Журналистика және бұқаралық коммуникация колледжі секілді екі жетекші американдық журналистика мектебінің профессорларымен бірлестікте қазақстандық журналистерді мультимедиалық стартаптарды құру және кешенді түрде ілгерілету бойынша оқытады.

Алматы, 2014 жыл 30 маусым– Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жаңа білім беру бастамасы – «iMedia Project» жобасы Қазақстан Баспасөз клубымен Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен іске асады. Ашық республикалық байқау аясында білікті қазылар алқасы келесі модульдер бойынша бес апталық тегін оқу курсынан өтетін 20 финалисті анықтайды:

  • БАҚ-қа арналған менеджмент жәнебизнес-стратегиялар (2014 жыл,  қараша);  
  • Мультимедиалық журналистика I(2015 жыл, қаңтар);
  • БАҚ дизайны(2015 жыл, наурыз);
  • Мультимедиалық журналистика II(2015 жыл, мамыр);
  • Медиа-брендинг және маркетинг (2015 жыл, маусым);

«Бүкіл әлем бойынша онлайн БАҚ-тың қарқынды дамуы журналистерге жаңа талаптарды қоюда. Елімізде Интернеттің аудиториясы жылдан жылға өсіп келеді және қазақстандықтардың көбісі жаңалықтарды онлайн жүйесінде оқиды. Осы ретте,  Қазақстан Баспасөз клубымен бірлестікте дайындаған  жобамыз, шайбаның қазір тұрған жеріне емес, оның келесі сәтте түсетін жеріне қарай жүгіруге кеңес берген Уэйн Грэцкидің прициптік қағидасына сай», – дейді Сорос-Қазақстан Қорының басқарма төрағасы Антон Артемьев –

«Қазақстанда мультимедиалық қосымшаларды жасау сөзсіз қажет, алайда журналистер мен редакциялар білім мен құрал жетіспеушілігін қатты сезінуде», – деп баса атап өтті Қазақстан Баспасөз клубының Президенті Әсел Қарауылова. «Аталған жоба отандық мамандарға өзінің тәуелсіз мультимедиалық жобасын құру және  оны ары қарай тұрақты дамыту туралы түсінік алуға мүмкіндік береді».

Барлық бес модуль бойынша оқуды сәтті аяқтап шыққан қатысушылар, серіктес-университтермен куәландырылған сертификаттарымен марапатталады. Сондай-ақ, Сорос- Қазақстан Қоры үздік мультимедиалық стартап жобаларды кәсіби деңгейде әзірлеп, ілгерілетуге қаржылық қолдау көрсету арқылы оларды көтермелеу үшін «iMedia Project» түлектері арасында грант байқауын жариялау құқығын өзіне қалдырады.

Байқау шарттарымен Қазақстан Баспасөз клубының www.pressclub.kz және Сорос-Қазақстан Қорының www.soros.kz сайттарында қосымша танысуыңызға болады.