Бір жыл бұрын 2008-2011 жылдары СҚҚ басқарма төрайымының қызметін атқарған Анна Александрова дүниеден озған болатын. Анна Александрова (1976-2011 жж.), халықаралық құқық саласындағы заңгер, өз өмірін әлеуметтік әділдік пен адам құқығын қорғау ұстанымдарын ілгері жылжытуға арнаған. Мықты көшбасшы, қоғамдық қайраткер және өз ісінің маманы, Анна өзекті құқықтық мәселелерді көтеріп отырған, әрдайым соларды шешудің жаңа әрі тиімді тәсілдерін іздеумен болған.
Анна жетекшілік еткен уақытта Қор жаңа стратегия қабылдаған, аталмыш стратегияға сәйкес әлеуметтік әділеттік пен толеранттық мәселелері Қор басымдылықтарының арасында ерекше орынға ие болды. Бүгінде Аннаның арамызда жоқ екендігіне қарамастан, Қордың Қамқоршылық кеңесі Анна Александрованың атындағы арнайы грант бөлу туралы шешім қабылдады. Ол жыл сайын әлеуметтік әділеттік идеялары мен ұстанымдарын насихаттап жүрген қоғамдық белсенділерге тағайындалып отырады.
2012 жылғы грант иегерлері Денис Әлімбеков (Алматы қ., «Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ тұлғалар тәрізді әлеуметтік-осал топтың құқығын қорғау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару бойынша ақпараттық шара» ) және Ажар Тоқтыбаева (Екібастұз қ., «Халықтың ерекше осал топтарының арасында ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу»).
2013 жылға арналған Анна Александрова атындағы грант байқауы жаңа жылдың басында жарияланады. Байқаудың бюджеті 1 500 000 теңгені құрайтын болады, соның шеңберінде тағы 2 грант бөлінеді деп жоспарлануда.