CLAREMONT – Қазанның 1-ші жұлдызы , Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерейтойына орай, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 1949 жылдан бастап Қытай Коммунистік партиясының рекордын(жетістігін) тілге тиек етіп сөз сөйледі. Бірақ, Си Цзиньпин мырзаның айқын сенімі мен оптимизміне қарамастан, ҚКП – ның қатардағы мүшелері режимнің болашақ перспективаларына алаңдаулы – негізді себептермен.
2012 жылы Си Цзиньпин ҚКП-нің тізгінін қабылдағанда, ол Партия 1921 жылғы ҚКП мен Қытай Халық Республикасының құрылуын атап өтіп, алдағы екі ғасырда барынша үлкен жетістіктерге жетуге тырысады деп уәде берді. Бірақ тұрақты экономикалық құлдырау мен АҚШ-мен арадағы өршіген шиеленістер ҚКП-нің 2021 жылғы мерекелеріндегі көңіл-күйін бұзуы мүмкін. Тіпті бір партиялы режим 2049 жылға дейін өмір сүрмеуі де мүмкін.
Диктатураның өміршеңдігіне техникалық шектеулер болмаса да, ҚКП бір партиялық режимдер үшін ұзақ өмір шекарасына жақындап келеді. Мысал ретінде, Мексиканың Институционалдық Революциялық партиясы билікті 71 жыл бойы сақтады (1929-2000); Кеңес Одағы Коммунистік партиясы 74 жыл басқарды (1917-1991); және Тайваньның Куоминтанг 73 жыл бойы (1927-1949 жж. материкте және 1949-2000 жж. Тайвань) билік етті. Солтүстік Корея режимі, 71 жыл басқарған Сталиндік отбасы әулеті, бұлар – Қытайдың замандас бәсекелестері ғана.
Бірақ тарихи үлгілер ҚКП-ны алаңдататын жалғыз себеп емес. Режимнің Маоцизмнің өзіндік әсерінен болған апаттардан қалпына келуіне және соңғы төрт онжылдықта өркендеуіне мүмкіндік берген жағдайлар көбінесе қолайсыз, кейбір тұста дұшпандық қоршаған ортамен алмастырылды.
Партияның ұзақ мерзімді өмір сүруіне үлкен қауіп Америка Құрама Штаттарымен жалғасып жатқан салқын соғыс болып табылады. Мао-дан кейінгі дәуірдің көптеген кезеңдерінде Қытай басшылары халықаралық аренада төмен беделге ие болды, олар барынша қақтығыстарды болдырмай, өз ішінде күш-қуат жинады. Бірақ 2010 жылға қарай Қытай экономикалық державаға айналып, өзінің беделін нығайтуға бағытталған сыртқы саясатын жүргізуде. Бұл АҚШ-тың наразылығын тудырып, біртіндеп өзара әрекеттесу саясатынан қазіргі қарама-қайшылыққа саясатына көшті.
Алпауыт әскери мүмкіндіктері, технологиясы, экономикалық тиімділігі және одақтастарының көптігі (президент Дональд Трамптың деструктивті басшылығына қарамастан) арқылы Қытай-Американдық салқын соғыста Қытайдан гөрі АҚШ жеңіске жетуі әбден мүмкін. Американдық жеңіс Пиррикалық (үлкен шығындармен) болуы мүмкін болса да, бұл ҚКП тағдырын шешуге әбден қабілетті.
ҚКП сонымен қатар күшті экономикалық проблемаларға тап болады. Қытай кереметі деп саны көп және жас жұмыс күшін, жылдам урбанизацияны, ірі инфрақұрылымдық инвестицияларды, нарықты ырықтандыруды және жаһандануды айтатын болсақ – бұл аталған факторлар бүгінде азайған немесе жойылған.
Радикалды реформалар, атап айтқанда, тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және нео-меркантилистік сауда-саттық тәжірибесінің аяқталуы өсімді ұстап тұруы мүмкін. Алайда, онсыз да мәжбүрлі жүргізіп келген нарықтық реформаларды одан әрі жүргізуден бас тартқанына қарамастан, ҚКП жеке кәсіпкерлердің есебінен мемлекеттік кәсіпорындарға қолдау көрсететін саясатқа жүгінуде. Мемлекеттік сектор бір партиялы басқарудың экономикалық негізін құрайтындықтан, ҚКП басшыларының кенеттен радикалды экономикалық реформаны қабылдауға деген үміт аз.
Ішкі саяси тенденциялар да алаңдатады. Си-дің басшылығымен ҚКП прагматизмнен, идеологиялық икемділіктен және оған бұрын қызмет еткен ұжымдық көшбасшылықтан бас тартты. Партияның қатаң идеологиялық сәйкестікті, қатаң ұйымдастырушылық тәртіпті және қорқынышқа негізделген басшы билігін қамтитын нео-маоисттік бағытқа бет бұруымен саясаттағы катастрофиялық қателіктердің қаупі арта түсуде.
Әрине, ҚКП ұрыссыз берілмейді. Биліктің күші әлсіреген сайын, өз қарсыластарына қарсы репрессияны күшейте отырып, жақтастарының арасында ұлтшылдықты нығайтуға тырысуы мүмкін.
Бірақ бұл стратегия Қытайдың бір партиялы режимін сақтай алмайды. Ұлтшылдық қысқа мерзімде ҚКП-ны қолдап, оны күшейте алатын болса да, егер Партия өмір сүру деңгейінің үздіксіз жақсаруын қамтамасыз ете алмаса, оның күші де біртіндеп жойылады. Мәжбүрлеу мен зорлық-зомбылыққа тәуелді режим депрессиялық экономикалық белсенділік, халықтық қарсылықтың артуы, қауіпсіздік шығындарының ұлғаюы және халықаралық оқшаулану түрінде өз әсерін береді.
Си Цзиньпин-нің 1-қазанда қытай халқына таныстырар көрінісі көңілге қуаныш ұялатуы екіталай. Бірақ ешқандай ұлтшылдық ұстаным, оның көлеміне қарамастан ҚКП билігінің құлдырауы Мао дәуірінің аяқталғанынан кейінгі кез-келген уақыттан гөрі жақын екендігі фактісін өзгерте алмайды
Copyright Project Syndicate© Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған.