«Жала жапқаны және тіл тигізгені үшін қылмыстық қудалау тек журналистер үшін ғана емес, сонымен қатар жазушылар мен ақындар, режиссерлер мен драматургтар сынды барлық шығармашылық мамандар үшін репрессивті шара болып табылады», – деп есептейді Сорос-Қазақстан қорының Басқарма Төрағасы Антон Артемьев. «Әсіресе, аталмыш қағидаға журналистер аса осал, бұл өз кезегінде отандық журналистиканың дамуына үлкен соққы. Себебі сот кикілжіңінің шығындық қауіптерін біле тұра әрі шенеуніктердің озбырлығынан өздерін айтарлықтай қорғалғандығын сезбейтін журналистер белгілі болған және үлкен қоғамдық маңызға ие жәйтті ашудан саналы түрде бас тартуы мүмкін».
«Әділ сөз» ҚҚ жүргізген мониторингке сәйкес, 2012 жылдың өзінде азаматтық істер бойынша моральдік зиян үшін өтемақыны төлеуге талап арыздардың жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің жаңа оқылымында жала жапқаны үшін максималды айыппұл 10 есеге өсті. 5 млн. теңгеден асатын соманы бірден төлеу журналистер үшін ауыр болып табылады»,- дейді «Әділ сөз» ҚҚ-ның президенті Тамара Қалеева.
Қазақстан заңнамалық жүйені реформалауға бағыт ала отырып, диффамация үшін қылмыстық қудалаудан бас тартқан ТМД-ның 11 елінің ішінде алтыншы ел бола алады. 2012 жылы осы бастамаға Украина мен Тәжікістан, бір жыл бұрын Қырғызстан қосылған болатын.
«Әділ сөз» ҚҚ-ның «20-бап» КЕҰ-дың Одағында ақпараттық заңнаманы ырықтандыру» кешенді жобасы 2012 жылы Сорос-Қазақстан Қоры мен «Ашық қоғам» Қорының (Лондон, Ұлыбритания) Жүйелік Медиа бағдарламасымен қолдауға ие болған болатын. Оның мақсаты – ұлттық заңнаманы БАҚ бостандығы мен пікірді еркін білдіру халықаралық қағидаларына сәйкес реформалау үшін ұсыныстарды дайындауға атсалысу.
Дария Цыренжапова