21/02/2020
«Живая память» жинағы әлеуметтік тақырыптағы үздік кітап атанды
11/02/2020
Ұйымдардың IT-қауіпсіздігін бағалау
26/02/2020

Атырау облыстық балалар ауруханасындағы мемлекеттік сатып алу процесіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлері

Назарларыңызға Open Budget Fellowship түлегі Салтанат Рахимованың “Атырау облыстық балалар ауруханасындағы мемлекеттік сатып алу процесіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлері” жұмысын ұсынып отырмыз.

Тақырыптың өзектілігі:
1. Ана мен бала өлімі өсіп отыр. 2019 жылы 1 жартыжылдықта Атырау облысында 133 бала қайтыс болған, оның 56 туған бойда, ал, 77 шақалақ ана құрсағында шетінеген[1].
2. Қызылша ауруы өсіп кетті. 2019 жылдың басынан бері Атырау облысында 205 адам қызылшамен ауырған. Ауырғандардың 78 – 1 жасқа дейінгі бала, 64 –14 жасқа дейінгі балалар. Инфекциялық ауруханада орын жетіспейді[2].
3. Тек 2018 жылы медицина қызметкерлеріне қатысты 101 қылмыстық іс қозғалған. Ал, бүгінгі күні Атырау облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігеріне қатысты жаңа туған балаға қасақана дәрігерлік көмек көрсетпей өлтіргені үшін және сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық істер тергелуде[3].
4. «Денсаулық» бағдарламасының индикаторлары орындалып жатқан жоқ. 2019 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысына сай денсаулық сақтаудың 7 индикаторына қол жеткізілмеген, 8 ай қорытындысына сай 5 индикаторға қол жеткізілмей отыр.

Ана мен бала өлімін төмендету, жатыр мойны обырымен ауыратындардың өмір ұзақтығы т.б.сияқты индикаторлар орындалмаған.
Республика бойынша Атырау облысы келесі көрсеткіштерден ең нашар нәтиже берген: • учаскелік қызметке жүктеме мен дәрігерлермен (ВОП, терапевт, педиатр) қамтылуы; • жоспарлы стационарлық емделу мерзімдерінің сақталуы; • емдеу барысында тәулік бойы бақылауды қамтамасыз ету; • алғаш анықталған омырау қатерлі ісігінде таргетті терапияны және иммуногистохимиялық зерттеуді қолдану.

Бұл зерттеу Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен “Zertteu Research Institute” ҚҚ жүзеге асырған Open Budget Fellowship жобасы аясында жарияланды. Жарияланым мазмұны авторлардың жеке көзқарасын білдіреді, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының қөзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.


Прикрепленные файлы