Гранталушы Грантты Келісімшартта көрсетілген нысаналы мақсатына қатаң сәйкес түрде жұмсауы тиіс. Егер сұранымда арнайы түрде келісілген болмаса, Гранталушының Грант бойынша құқықтары мен міндеттерін өзге тұлғаға ұсынуға құқы жоқ.
СҚҚ мен Құрылтайшы төмендегілер үшін жауапкершілікте болады:
- Гранталушының үшінші тараптардың алдындағы міндеттемелері бойынша;
- Гранталушыға ұсынылатын шағымдар бойынша;
- Келісімшартты орындау әдістері мен нәтижелері бойынша;
- Гранталушының мемлекет органдары мен өзге заңды және жеке тұлғалармен өзара қатынастары үшін;
- Гранталушының мемлекеттік бюджет алдындағы міндеттемелері үшін;
- Гранталушының Грантты жұмсауының нәтижесінде қасақана не кездейсоқ түрде келтірген зияны үшін.
Гранталушы үшінші тарапқа тиесілі авторлық құқықтарды қасақана не абайсызда бұзған жағдайда Қор Гранталушының әрекеттері үшін жауапкершілікте болмайды. Үшінші тараптың Гранталушыға авторлық құқықтар жөніндегі кез келген шағым-талаптары қолданыстағы құқыққа сәйкес Қордың қатысуынсыз шешіліп отырады. Жобаны орындаудың нәтижесі авторлық туынды болып табылатын жағдайларда келісімшартқа арналған жеке толықтыруда СҚҚ-ға Гранталушының туындыларын пайдаланудың айрықша емес авторлық құқықтарын беру туралы келісімге қол қойылады.