19/09/2013
Ақтөбе облысында ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру жөніндегі жоба жүзеге асырыла бастады
10/09/2013
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуетін арттыру бойынша семинарлардың легі өтеді
20/09/2013

Жасөспірім некелері – адам құқығын бұзатын және қызбаланы оқуынан, денсаулығынан және болашағынан айыртатын жеркенішті құбылыс

2013 ж. 19-20 қыркүйекте ел ордасы Астанада «Әйелдер шығармашылық бастама лигасы» ҚБ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясының, Сорос-Қазақстан қорының, Фридрих Эберт қорының, Азиялық даму банкі мен БҰҰ Халық Қорының (ЮНФПА) қолдауымен «Мыңжылдық даму мақсаттарының шеңберінде Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі жасөспірім қызбалаға қатысты зорлық-зомбылық пен ерте және күштеп қиылатын неке құбылысын алдын алу» атты халықаралық мәжілісін өткізеді.

Жасалған зерттеулер бойынша, Орталық Азия мен Кавказ аумағы ерте және күштеп қиылатын неке құбылысы әлі де орын табатын елдер тобына жатады. Күштеп қиылатын некелерге қатысты ресми мәлімет өте сирек кездеседі, яғни мәселелердің көпшілік бөлігі жанұя аумағынан тыс шықпайды.

«Ұлттық дәстүрлер көп жағдайда ұлттық заңнамасынан басым болып келеді, сол себепті ерте некелер мен кәмелетке толмаған қыздарды ұрлап әкетудің саны өсіп келеді,» – дейді Әсия Хайрулина, «Әйелдер шығармашылық бастама лигасы» ҚБ-нің төрайымы, ҚР Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. «Физикалық зорлық-зомбылық актілер, қыз баланы зорлау, жұбайы жағынан немесе өзге адамның тарапынан қатыгездік жәйттар көбінде жарияға бармайды, өз алдына осындай жағдай болашақ ана болып табылатын қызбаланың өмірі, денсаулығы мен әлеуметтік дамуы үшін аса қауіпті».

Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьевтің айтуынша: – «Ерте және күштеп қиылатын неке кейбір қауымдарда орын алатын дәстүрлі әлеуметтік-мәдени стереотиптерден туындайды және, сондай-ақ, білім деңгейімен байланысты болып келеді. Тұрақты мониторингтің, ұлттық заңнаманы жүзеге асыру механизмін жетілдірудің және қоғамдық бақылау жүйесін дамытудың арқасында жасөспірім қызбалаға қатысты зорлық-зомбылықты алдын алуға болады, сонымен бұл шара ерте және күштеп қиылатын некелерді тоқтатудың бірден бір мүмкіндігі».

Аталмыш мәселені жан-жақты талқылауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан, Әзірбайжан, Грузия, Пәкістан және Түркменістан елдерінің Парламент депутаттары, мемлекеттік билік пен бейүкіметтік, халықаралық ұйымдардың өкілдері, белгілі халықаралық және ұлттық сарапшылары шақырылған. Қатысушылар халықтың осал топтарына жататын қыз балаларды қорғау саласындағы қазіргі жағдайды талқыға салады, Орталық Азия мен Кавказ елдерінде ерте және күштеп қиылатын некеге қарсы әрекет аясында жұмыс істейтін ұйымдардың тәжірибесін қарастырып шығады. Сондай-ақ, Мәжіліс шеңберінде зорлық-зомбылықтан, ерте некеден және гендерлік теңсіздіктен қыз баланы қорғайтын пәрменді механизмдерді қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарды қарастырып аймақтық әрекеттер стратегиясының жобасын қабылдайды.

БАҚ-тың назарына: БАҚ өкілдерінің аккредитациясы +7 727 2502 156, +7 701 801 7422 телефондары мен wlci@mail.ru электрондық пошта бойынша жасалынады.

Өткізу орны мен уақыты: 19 қыркүйек – «Бесік» залы, Бейбітшілік және Келісім Сарайы, Астана қаласы, Тәуелсіздік к., 57, 20 қыркүйек –  «Кинг Отель Астана» қонақүйінің мәжіліс залы, мекенжайы – Астана қ. Уәлиханов к. 7.