Форумның негізгі тақырыптары «Интернет желісі аясындағы мемлекеттік саясат», «Ғаламтордағы сөз бостандығы мен жеке өмірді қорғау», «Желідегі ақпараттарға қол жеткізу», «Электрондық үкіметтің дамуы», «Интернет журналистика», «Интернет-құралдардың тиімді коммуникациядағы рөлі», «SMM және блогинг», «Интернет-жобалардың монетизациялануы», «Интернет-сатылымдар» және т.б болмақ. Бағдарламаны мына сілтеме арқылы көруіңізге болады.
Шарадағы сарапшылар қатарында ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ бостандығы мәселелері бойынша бюросының директоры – Андрей Рихтер, журналистерге құқықтық тұрғыдан көмек көрсету орталығының құқықтық сарапшысы, РФ Қоғамдық палатасының консультанты – Борис Пантелеев, Литвадағы Журналистер Одағының төрағасы – Дайнюс Радзявичус, «Стоп цензуре» журналистік қозғалысының белсендісі Наталья Соколенко бар.
Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Сорос-Қазақстан Қоры және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылды.