Алматыда Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы қарапайым сөздермен түсіндіретін алғашқы #іспенкөрсет жобасының тұсаукесері өтті.
Кампанияның мақсаты – Қазақстандықтарға үшінші сектордың маңыздылығы туралы, сондай-ақ барлық азаматтардың қоғам өміріне белсенді қатысып, лайықты іс-әрекеттер жасай алатындығы туралы ақпарат беру.
Бұл азаматтық қоғам идеяларын бірлесіп жасауының алғашқы тәжірибесі. #Іспенкөрсет жобасының бастамашылары барлық ҮЕҰ өкілдерін, еріктілерді, белсенділерді қоғамды өз жұмысы туралы белсенді және жүйелі түрде хабардар етуге шақырады.
Ресми деректер бойынша, 2018 жылдың 16 наурызына Қазақстанда 14 000-нан астам ҮЕҰ жұмыс істейді. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері мұқтаждар үшін қаражат жинайды, тегін кеңес береді, әлеуметтік жобалармен айналысады, оқыту тренингтерін өткізеді, оқу бағдарламаларын іске асырады. Бұл – тек ҮЕҰ-дың атқаратын қызметтерінің бір сыпырасы ғана. Коммерциялық емес ұйымдар өз жұмысы жайлы көп айтпайды, әдетте олар #іспенкөрсетеді.
Десек те, жоба алдындағы жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың 85%-ы ҮЕҰ дегеніміз не және олар немен айналысатынын білмейді. Сауалнамаға қатысқандардың 15% – ы ғана коммерциялық емес ұйымдар туралы естіген, бірақ олардың қызметінен хабардар емес. Сондықтан аталмыш акция осы олқылықтың орнын толтырады деген сенім бар.
Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүзеге асырады.