Щучинск қаласында Сорос-Қазақстан қоры Білім беру бастамасының қолдауымен Білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бойынша жазғы мектеп өтуде.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген он бір зерттеуші бір апта бойы Михайло Милованович (Қолданбалы саясат және көрегендік орталығының аға сарапшысы, Болгария) және Оливер Тосковичтен (Белград университетіндегі Психология кафедрасының доценті, сараптама саласы – әлеуметтік ғылымдардағы статистика) дәріс тыңдайды.
Жазғы мектеп үлкен мәліметтермен жұмыс жасау бойынша білім беру саясаты саласындағы қазақстандық зерттеушілердің әлеуетін арттыруға бағытталған. Жоба әр қатысушыға түрлі сараптамалық материал жасау, соның ішінде халықаралық басылымдарға мақала дайындау мүмкіндігін беретін шәкіртақы тағайындайды. Қатысушылардың жоба барысында орындаған зерттеулерінің нәтижесі зерттеу және саяси басқару мақсатындағы көлемді мәліметтердің әлеуетін көрсетіп, әрі мәліметтер, деректер, негізді аргументтер негізінде басқару шешімдерін қабылдау мәдениетін нығайта түспек.