12/02/2021
Ашық ұстаным
10/02/2021
“Зерттеушіге өз жұмысын жасауға кедергі келтіруге болмайды”
24/02/2021

«Дурные шутки» көрмелер циклінің каталогы

Artmeken галереясы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен адам құқығы тақырыбына арналған «Дурные шутки» көрмелер циклі каталогының электрондық және баспа нұсқасын ұсынады.

Бұл басылымда үш көрмеге қатысқан суретшілердің жұмыстары хронологиялық тәртіппен үш тарауға біріктірілген. Каталогтың альбом бөлімінде Artmeken галереясы мен Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрайымы Аида Айдарқұлованың кіріспе сөзі берілген, сонымен бірге өнертанушы және көрмелер циклінің кураторы Валерия Ибраеваның экспозиция тарихы туралы мақаласы жарияланған.

Каталогты мына сілтеме арқыды жүктей аласыздар.

Жоба 2017 жылы басталған. Сол жылы галереяда «Адам құқығы: 20 жылдан кейін» деген тақырыппен алғашқы көрме өтті, 2018-2019 жылдары жалғасын тауып, Алматы мен Астанада «Дурные шутки» деген атаумен көрмелер өтті. Үшінші көрме 2020 жылдың күзінде «Адам құқығы: көкшіл түстің 50 реңкі» тақырыбымен өтті. «Дурные шутки» каталогын жарыққа шығару төрт жылдық көрменің қорытындысы болмақ.