25/04/2017

«Құқық қорғаушылардың жаңа буыны. 2017 оқу жылы» байқауының қорытындысы

«Адам құқықтары» бағдарламасының сарапшылар комитеті «Құқық қорғаушылардың жаңа буыны. 2017 оқу жылы» жобасының үш іріктеу кезеңінен кейін адам құқықтарын қорғау негіздері бойынша тренингтер шоғырына қатысатын жеңімпаздардың тізімін бекітті.
25/04/2017

Әрбір мұғалім инклюзивтік білім беруді және оның технологияларын меңгеруі тиіс

Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға қарай мектептердің 70 % инклюзивтік болуы тиіс. ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жж арналған мемлекеттік бағдарламасына сай, тең жағдай мен кедергісіз ортаны қамтамасыз ететін ЖОО-ның үлесі 2017 жылы 25%-ға, ал 2019 ж – 100%-ға тең болады.    Бұл мақсатқа жету үшін ұстаздардың дайындығы мен біліктілігін көтеру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізу керек. 2013 жылдан бастап Сорос-Қазақстан қоры осы бағытта бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы уақыт аралығында салада орын алған өзгерістер туралы серіктестеріміз, «Жалпыға арналған мектеп» ҚБ-нің… Продолжить Әрбір мұғалім инклюзивтік білім беруді және оның технологияларын меңгеруі тиіс
21/04/2017

Алматыда “Training Кафе – Болашақ” ашылды

Алматыдағы «Болашақ» базарында Тренинг-кафенің ресми ашылу салтанаты өтті. “Training Кафе – Болашақ” әлеуметтік кәсіпорнының мақсаты – қойылған диагнозға қарамастан менталдық денсаулығында бұзушылықтары бар адамдарды ашық еңбек нарығына қайта оралту.
05/04/2017

«iMedia Project – 2017» байқауының нәтижесі белгілі болды

«iMedia Project – 2017» жобасы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Медиа саласындағы кәсіби мамандардан құрылған әділқазылар алқасы байқауға келіп түскен 61 сұранымнан тегін оқыту курсынан өтетін 17 журналистті анықтауға көмектесті. Жоба Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Қазақстан баспасөз клубы жүзеге асырады.
03/04/2017

Алматының орталығына жатпайтын аудандар тұрғындарының әлеуметтік сәйкестілігінің зерттеуі

Зерттеу Сорос-Қазақстан қоры «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының қолдауымен Urban Forum Almaty тобымен дайындалды.