Ағымдағы жылдың маусым айында Алматыда «Ерекеше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасы бастау алды. Жобаны Сорос-Қазақстан қорының «Адам құқықтары» бағдарламасының «Құқық қорғаушылардың жаңа буыны» жобасының түлегі, құқық қорғаушы, заңгер, ерекше баланың анасы Айгүл Шакибаева жүзеге асырады.