30/10/2012

Жаңа сайт іске қосылды

Бюджеттің ашықтығы, есеп берушілігі мен қоғамның бюджеттік процеске қатысуы үшін Жаһандық қозғалысы www.globalbtap.org сайтын іске қосты. Бұл сайт бюджеттің ашықтық қағидалары мен механизмдерін алға жылжытатын әлем белсенділері үшін пайдалы ресурс болып табылады.
17/10/2012

Тегін заңдық көмек көрсету бойынша заң жобаларын саралау

 “Мемлекетпен кепілдендірілген заңдық көмек туралы” және “Мемлекетпен кепілдендірілген заңдық көмек көрсету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының заң жобаларын саралау.
12/10/2012

Қазақстандықтар Дүниежүзілік хоспистер мен паллиативтік көмек күнін атап өтеді*

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын әлем тұрғындарының шамамен 24 миллионы паллиативтік көмекке мұқтаж. Олардың 66%-ы 60 жастан үлкен.
11/10/2012

«Соңғы үміт қалғанша …» деректі фильмінің көрсетілімі

2012 жылғы 13 қазанда Дүниежүзілік хоспистер мен паллиативтік көмек күні аталып өтіледі. Дәл осы күнге орай, «Аладдин медиа групп» продюсерлік орталығы «Сорос-Қазақстан» қайырымдылық қоры және «Ашық қоғам» қорларының паллиативтік көмек жөніндегі халықаралық бастамасының қолдауымен дайындалған «Соңғы үміт қалғанша …» («…Пока горит свеча…») деп аталатын деректі фильмді ұсынды.
26/09/2012

Азаматтық қоғам институттарының онкологиялық науқастарды емдеудің қол жетімділігі мен сапасын арттыру ісіндегі рөлі туралы

Биылғы жылдың 6 қыркүйегінде Астанада болып өткен ТМД елдерінің 7-ші онкологтар мен радиологтарының құрылтайында ҮЕҰ, практикалық денсаулық сақтаудың, медициналық ғылымның, медициналық ұйымдардың өкілдері және денсаулық сақтау басқармасы органдарының өкілдері азаматтық қоғам институттарының назарын онкологиялық науқастарды емдеудің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға аударған болатын.