«Фактчекинг журналистика зерттеуінің тренді: мүмкіндігі мен болашағы» оқу құралын енді қазақ және орыс тілінде оқуға болады. Украиналық журналист-фактчекер, зерттеуші Александр Гороховский еңбегін MediaNet халықаралық журналистика орталығы, Орталық Азиядағы алғашқы фактілер растығын тексеруге арналған жоба Factcheck.kz ресурсы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен қазақ тіліне аударды және жарыққа шығарды.