Сорос-Қазақстан қорының Қамқоршылар кеңесі «Қоғамдық саясат» бастамасы аясында қазақстандық жас зерттеушілерге арналған байқаудың нәтижелерін шығарды. Жоба аясында қатысушалар бірқатар семинарларға қатысып, артынша Қазақстан үшін өзекті болып табылатын қоғамдық саясат мәселелері бойынша аналитикалық құжаттарды әзірлейді.