Сорос-Қазақстан қорының бағдарламалық үйлестірушілері Асқар Көшкінбаев және Динара Погодина «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналына берген сұхбатында жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту, жергілікті деңгейде шешімдерді қабылдауға азаматтарды тарту, Қазақстандағы бюджеттік процестердің ашықтығы мен есептілігі туралы сөз қозғады.