Аталмыш зерттеу 2015-2016 жж өткізілді. Жұмыс мақсаты психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік мекемелер аясында әрекет ететін әлеуметтік көмек көрсету механизмдерінің тиімділігін саралау, осы санаттағы адамдарға көрсетілетін көмекті жақсарту және көмек көрсетудің баламалы түрлерін дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау болып табылады.