Бүгін Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Инвестициялар және даму Министрлігінде Геология және жерқойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев пен қордың «Жергілікті бюджет» бастамасының үйлестірушісі Асқар Көшкінбаевті ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің атынан Өндіруші өнеркәсіптердің ашықтық (EITI) бастамасына қосқан үлесі мен EITI бойынша 35-ші халықаралық отырысты ұйымдастырғаны үшін алғыс хат пен құрмет грамотасымен марапаттады.