27/02/2019
Жол жүру грантына арналған сұраным
27/02/2019
Сорос-Қазақстан қоры сұранымдарды қабылдау бойынша онлайн-жүйені іске қосты
27/02/2020

Ұйымдарға арналған сұраным үлгісі

2020 жылдың 1 наурызынан бастап Сорос-Қазақстан қоры сұранымдарды қабылдау бойынша онлайн-жүйені іске қосты. Бұдан былай қор гранттарына қызығушылық танытқан үміткерлердің бәрі https://application.soros.kz/ сайтына тіркелуі керек.

Сайтта өзіңізге қажет Бағдарламаны/Бастаманы, сосын сұранымның түрін (байқау, байқаудан тыс сұраным, жол жүру гранты) таңдауыңыз және онлайн-сұранымды толтыруыңыз қажет. Осы әрекеттің бәрін дұрыс орындаған тұлғаға сұранымның жүйеге қабылданғандығы туралы ескертпе келеді. Онлайн-сұранымды толтыру бойынша нұсқаулықты мына жерден көре аласыздар. Қандайда бір себептерге байланысты онлайн сұранымды толтыра алмай жатсаңыз, онда бізге application@soros.kz поштасына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Біз жылдың соңына дейін толтырылған сұранымдарды электрондық пошта арқылы қабылдай береміз. Десек те, сұранымыңыздың тіркелуі үшін сізге міндетті түрде сұранымды онлайн-жүйе арқылы да қоса толтыру керек. 

“Жобаларды басқару бойынша сауалнама” ұйымдарға арналған сұранымның бұлжымас бөлшегі болып табылады. Сауалнамасыз келген сұранымдар қабылданбайды.


Грант сұранымдарын application@soros.kz және sorosapplication@gmail.com электрондық пошталарына жіберу керек.

Тіркелген файлдар