Антон Артемьев азаматтық қоғамды дамыту саласында 11 жылдық тәжірибеге ие. 2004 жылдан бері ол мемлекеттік қаржы саласындағы ашықтық пен есеп берушілікті арттыру мәселелерімен айналысатын Қор бағдарламасына жетекшілік етіп келеді. Дәл осы кезеңде Қор Өндіру салаларының ашықтығы бастамасын (EITI) жүзеге асыруға белсенді түрде қолдау көрсетіп отырған, сондай-ақ бірқатар табысты жобаларға ұйытқы болды. Солардың ішінде – Қазақстанда тұңғыш азаматтық бюджетті (әркімге түсінікті бюджет) жариялау, Жергілікті бюджеттердің ашықтығы индексін әзірлеу және т.б. 2011 жылдың шілде айы мен 2012 жылдың қаңтар айы аралығында Антон Артемьев СҚҚ бағдарламаларының директоры лауазымын атқарды.
Антон Артемьев өзінің осы қызметке тағайындалуын былай деп түсіндік береді: «Мен Қорымыздың ашықтық, есеп берушілік және әділдік принциптерін ұстанумен Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытуға қосып отырған маңызды үлесін аса мақтан тұтамын. Біздің 2012-2013 жылдарға арналған стратегиямыздың шеңберінде біз толерантты, белсенді қоғам мен жауапты, ашық басқаруға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз».
СҚҚ – ашықтық, есеп берушілік және әділеттік принциптерін ұстана отырып, еліміздегі азаматтық қоғамның дамуына ат салысып отырған ең ірі тәуелсіз ұлттық донорлардың бірі. 2011 жылы СҚҚ келесі бағыттар бойынша 321 грант бөлді: бюджеттік жоспарлау және өндіру саласы табыстарының мониторингі; құқықтық реформа және адам құқығын жүзеге асыру; бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту; сараптамалық желілерді дамыту; жастардың бастамаларын қолдау.
Тіркелген файлдар