11. Сорос-Қазақстан қорының резерв қаржы қоры дегеніміз не?
Бұл Сорос-Қазақстан қорының Қамқоршылар кеңесі тарапынан бекітілген еліміздегі COVID-19 пандемиясы кезеңінде халықтың ең әлжуаз топтарына көмек көрсету үшін арнайы бөлінген қосымша қаражат. Оның бюджеті $500 000 құрайды. COVID-19 резерв қорының мақсаты – қоғамның ең әлжуаз топтарына көмектесу үшін барынша шұғыл әрекет етіп, пандемия салдарынан туындайтын мәселелерді шешуге атсалысу.
22. Резерв қаржы қоры аясында қандай жобалар қолдауға ие болады?
Арнаулы қор аясында СҚҚ келесі бағыттар бойынша сұранымдарды қабылдайды:
• COVID-19 кезеңінде әлеуметтік әлжуаз топтарды (қарт адамдар, мүгедектігі бар адамдар, паллиативтік қызметтер пациенттері, арнайы оқыту жағдайын қажет ететін балалар, тұтқындар, мигранттар және т.б.) қолдау;
• жалған ақпарат таратуға қарсы тұру;
• онлайн оқытуға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту;
• мемлекеттік бюджет қаржысының пандемиямен күреске жұмсалуына мониторинг жүргізу;
• төтенше жағдай кезіндегі адам құқықтарын қорғау және ілгерілету;
• және халықтың ең осал топтарына көмек беруге бағытталған өзге де жобаларды қолдауға бағытталған сұранымдарды қабылдайды;
• сұраным COVID-19 пандемиясы салдарынан немесе соның нәтижесінде туындаған мәселелерге бағытталуы тиіс.
Сұранымдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және сұраным бюджетін теңгеде көрсету керек
33. СҚҚ резерв қорына сұранымды қалай беруге болады?
Грантқа сұранымды электрондық нұсқада
application@soros.kz және
sorosapplication@gmail.com пошталары бойынша жібере аласыздар. Тақырыбында міндетті түрде «COVID-19» деп көрестіңіздер
Өтінім үлгісін
мына жерден табуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Резерв қоры аясында байқаудан тыс сұраным үлгісін онлайн жүйеде толтырудың қажеті жоқ.
44. Грантқа сұранымды кім бере алады?
СҚҚ-ның арнаулы қоры аясында гранттар тек ұйымдарға ғана беріледі. Байқау аясында жеке тұлғалардан келіп түскен, жеке қаржылық қолдауға бағытталған әрі коммерциялық жобаларға арналған сұранымдар қарастырылмайды.
55. Сұранымдарды кім қарастырады?
Резерв қоры аясында келіп түскен барлық сұранымдарды арнайы жасақталған Сарапшылар комитеті қарастырады. Олардың арасында қорымыздың Қамқоршылар кеңесінің мүшелері және Қор бағдарламаларының сарапшылар комитеттерінің мүшелері бар. Қамқоршылар кеңесінің құрамымен біздің сайттан таныса аласыздар, ал бағдарламалар сарапшылар кеңесінің есімдері қор рәсімдеріне сәйкес жарияланбайды.
66. СҚҚ-ның арнайы қоры аясында бөлінген гранттардың тізімімен қайдан танысуға болады?
Арнаулы резерв қоры аясында қолдауға ие болған барлық жобалар туралы ақпарат қор сайтында әрі қорымыздың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.
77. Жобалардың мерзіміне қатысты шектеу бар ма?
Грантқа байқаудан тыс сұранымдар 2020 жылғы 31 мамырға дейін қабылданады. Жобалар 2020 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.